Имансыздардың сұрақтарына Құраннан жауаптар Тəңір жайындағы сұрақтарына жауап (Перғауын): «Əлемдердің Раббы дегенің немене?» ,– деді.
(Мұса ғ.с.): «Егер анық сенетін болсаңдар, Ол жер-көктің əрі екі
арасындағылардың Раббы», – деді.
(Шұғара сүресі, 23-24) Расында, Алла шіркейді, одан да зорғыны мысал келтіруден
ұялмайды. Ал мүміндер оның Раббыларынан нақ хақиқат екендігін
біледі. Ал енді қарсы болғандар: «Алла бұл мысалменен нені
қалайды?» – дейді. Алла ол мысалмен көптегенді адастырып əрі
онымен көптегенді оңғарады. (Мысалдарға қарсы келіп адасқандар
да, шындық деп біліп жол тапқандар да болады негізінде). Ол ар-
қылы бұзықтарды ғана адастырады. Олар (иман келтіріп) серт бер-
геннен кейін Алланың уəдесін бұзады да, Алланың жалғастырылуын
бұйырған нəрсесін (жақындық, бірлікті) бөледі. Сондай-ақ жер
жүзінде бұзақылық істейді. Міне, солар – зиянға ұшыраушылар.
(Бақара сүресі, 26-27) Олар: «Сен бізге шындықты əкелдің бе? Ойнап жүрсің бе?», –
деді. «Олай емес. Негізінде, сендердің Раббыларың, көктер мен
жердің Раббы; соларды Ол жаратты. Сондай-ақ осыларыңа айғақ бо-
лушыларданмын» деді.
(Əнбия сүресі, 55-56) Олар Раббыларын көрмей-ақ қорқып əрі олар Қияметтен
үрейленеді. Бұл Құран Біз түсірген мүбарак бір насихат. Енді соған
да қарсы келесіңдер ме?
(Əнбия сүресі, 49-50)