228
боран тəрізді. Оларға Алла зұлымдық етпеді, бірақ олар өздеріне
зұлымдық етті.
(Əли Имран сүресі, 117)
Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қала-
ғанымызды береміз. Сонан соң оны жəһаннамға саламыз. Ол оған
қорланып, мəрхаметке зар болған түрде кіреді. Ал кім мүмін болған
түрде Ақыретті қалап, сол үшін тырысса, міне, солардың тырысула-
ры шүкірге (қабылдануға) лайықты. (Мұхаммед ғ.с.) дүние тілеген
бұларға да, Ақырет тілеген оларға да Раббыңның мəрхаметінен
береміз. Негізінен, Раббыңның берері тыйылмайды.
(Исра сүресі, 18-20)
(Мұхаммед ғ.с.) оларға дүние тірлігінен мысал бер: (Дүние
тірлігі;) көктен Біз жаудырған жаңбыр арқылы жердің өсімдіктері
бір-біріне араласып, құлпырып, одан құрғақ үгіндіге айналып,
оны желдер ұшырып кеткен тəрізді. Сондай-ақ Алла, əр нəрседен
үстем күш иесі. Мал мен балалар, дүние тіршілігінің сəні. Ал бақи
(мəңгі) қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс
бойынша да жақсы əрі үміт тұрғысынан да жақсы. Қиямет күні
тауларды жүргіземіз де, жерді жап-жазық көресің. Жəне де Адам
баласын; олардан ешкімді тастамай жинаймыз. Олар Раббыңның
құзырына қатарланып келтіріледі. Оларға: «Бастапта жаратқанымыз
тəрізде келдіңдер, тіпті сендерге бір уəделі мерзім белгілемедік деп
ойладыңдар» (делінеді.) Ғамал дəптері алдарына қойылады. Сон-
да күнəкарлардың одан қорыққанын көресің. Олар: «Ойпырым-
ай! Бізге нендей өкініш! Мына кітапта кішкенені де, үлкенді де
тастамай-ақ түгендепті» дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын
түрде табады. Раббың ешкімге əділетсіздік қылмайды.
(Кəһф сүресі, 45-49)
Достарыңызбен бөлісу: