229
ОНЫНШЫ ТАРАУ.
ҚИЯМЕТ ҚАЙЫМ
Барлық адамдар қайта тірілтіледі
Ол өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да, жерді
өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендер де (қабірден)
шығарыласыңдар.
(Рум сүресі, 19)
«Өліп, топырақ жəне сүйектер болсақ та, шын тірілеміз бе?», –
дейді. «Бұрынғы аталарымыз да тіріле ме?» – (дейді.) (Мұхаммед
ғ.с.): «Сөзсіз, бұрынғылар да, соңғылар да », – де! «Əлбетте, мəлім
күнде белгілі орынға жиналады» (де.)
(Уақиға сүресі, 47-50)
Достарыңызбен бөлісу: