Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Өлімнен соң тірілу жайында Алла тағала табиғаттан



Pdf көрінісі
бет232/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Өлімнен соң тірілу жайында Алла тағала табиғаттан 
мысалдар келтіреді
Ол  сондай  Алла  рахметінің  (жаңбырдың)  алдын  ала  желдерді 
қуантушы етіп жібереді. Ауыр бұлттарды көтерген бойда, өлі (қағыр, 
құрғап  қалған)  бір  мемлекетке  жіберіп,  сонда  ол  арқылы  жаңбыр 
жаудырып,  сонымен  əртүрлі  жемістерді  шығарамыз.  Осылайша, 
өліктерді де тірілтеміз. Əрине, үгіттенерсіңдер.
(Ағраф сүресі, 57)
Ол  өліден  тіріні  шығарып,  тіріден  өліні  шығарады  да,  жерді 
өл геннен  кейін  жандандырады.  Сол  сияқты  сендер  де  (қабірден) 
шығарыласыңдар.
(Рум сүресі, 19)
Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол; Бұлтты қозғап, оны 
өлі бір жерге айдаймыз. Жəне жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді 
қайта жандандырамыз. Өліктің  тірілуі  де  осы  сияқты.
(Фатыр сүресі, 9)


230
Күдіксіз, Алла түйірді жəне ұрықты жарушы. Жəне өліден тіріні, 
тіріден өліні шығарушы. Міне, Алла – осы. Ал сонда қайда бұрылып 
бара жатырсыңдар?
(Əнғам сүресі, 95)
Оларға  өлі  жер – бір  белгі.  Оны  жандандырып,  одан  дəн 
шығарамыз да, сонда  олар  одан  жейді.
(Ясин сүресі, 33)
Ей, адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, 
əрине,  Біз  сендерді  топырақтан,  сонан  соң  жыныстық  тамшыдан, 
кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен 
өздеріңе  тектеріңді  білдіру  үшін  жараттық.  Сондай-ақ  жатырлар-
да  қалаған  мерзімге  дейін  қойып  қоямыз.  Соңында  бөбек  түрінде 
шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, 
кейбіреулерің  əр  нəрсені  білгеннен  кейін  түк  білмейтін  өмірдің  ең 
нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр 
жаудырсақ,  құлпырып,  көпсіді  де  əртүрлі  көркем  өсімдік  өндірді. 
Осы  дəлелдер  бойынша,  шын  мəнінде,  Алла;  Ол  хақ.  Күдіксіз,  Ол 
өлікті тірілтеді. Өйткені, əр нəрсеге күші жетеді.
(Хаж сүресі, 5)
Алланың  рахметінің  əсерлеріне  қара.  Жер  жүзі  өлгеннен  кейін 
оны қалай жандандырды. Рас, Ол өлілерді тірілтеді, Оның əр нəр сеге 
күші толық жетеді.
(Рум сүресі, 50)
Күдіксіз, көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күннің ау-
ысуында,  адам  баласына  пайдалы  нəрселермен  теңізде  жүрген  ке-
меде жəне Алланың көктен жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін 
онымен  жандандыруында  əрі  онда  əртүрлі  хайуанды  таратуын-
да, желдерді жəне көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлтты 
басқаруында,  əлбетте,  ойлаған  елге  (Алланың  барлығы,  бірлігіне) 
белгілер бар.
(Бақара сүресі, 164)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет