Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Намазды жамағат болып оқу



Pdf көрінісі
бет291/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Намазды жамағат болып оқу
(Мұхаммед с.ғ.с.) Сен олардың ішінде (соғыс майданында имам 
болып) тұрған кезде, олардан бір бөлігі сенімен бірге намазға тұрсын, 
барлығы құралдарын алсын. Сонда қашан олар сəжде қылса, (саған 
ұйып бір рəкағат оқыса), олар арт жақтарында (жау жақта) болсын. 
(Ниса сүресі, 102)
 
Намаздың басқа шарттары
(Мұхаммед  с.ғ.с.)  оларға: «Мейлі  Алла  деп  немесе  Рахман  деп 
атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да, ең көркем аттар Оған тəн» де. 
Намазда  жариялап  та  құпиялап  та  оқыма  да,  осының  арасындағы 
жолды  ұста. 
(Исра сүресі, 110)


291
 
(Мұхаммед  с.ғ.с.)  Кітаптан  саған  уахи  етілгенді  ғана  оқы  да 
намазды  орында.  Күдіксіз,  намаз  арсыздықтан,  жамандықтан  ты-
яды.  Əрине,  Алланы  еске  алу,  аса  ірі  нəрсе.  Сондай-ақ  Алла    не 
жасағандарыңды біледі.  
(Анкəбүт сүресі, 45)
Жұма намазы
Ей, мүміндер, қашан жұма күнiндегi намазға шақырылса, (яғни, 
азан айтылса), тездетiп Алланың зiкiрiне асығып барыңдар жəне (сол 
кезде)  сауда-саттықты  тоқтатыңдар!  Егер  бiлетiн  болсаңдар,  мiне, 
осы  (яғни,  Алланың  зiкiрiне-жұма  намазын  оқуға  асығу)  өздерiң 
үшiн  жақсырақ.
(Жұма, 9)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет