Қыбла (Исламда құлшылықта жүзді қарататын тарап) Енді жүзіңді «Харам мешіті» жаққа бұр. (Мүміндер) қай жерде
болсаңдар да: Жүздеріңді сол жаққа жөнелтіңдер.
(Бақара, 144) (Яһудилер Месжід Ақсаны, христиандар оның шығыс жағын
қыбла тұтып, əрқайсысы өз қыбласын жақсы деп ойлайды).
Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ, кім
Аллаға, Ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға
иман келтірсе жəне жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда
қалғандарға, қайыршыларға жəне құл азат етуді жақсы көре оты-
рып, мал сарып қылса əрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара
байласқан уəдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта жəне
соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне, солар – шыншылдар əрі со-
лар тақуалар.
(Бақара сүресі, 177)