Дəрет, ғұсыл жəне тəяммум Ей, мүміндер, намазға тұрғандарыңда жүздеріңді, қолдарыңды
шынтақтарыңа дейін жуыңдар, бастарыңа мəсіх жүргізіңдер (яғни,
су қолдарыңмен сипаңдар) жəне аяқтарыңды тобықтарыңа дейін
(жуыңдар)! Егер жүніп болсаңдар, шомылыңдар! Науқас яки сапар-
да болсаңдар, немесе сендерден біреу əжетханадан шыққан болса,
немесе əйелдеріңе жақындасқан болсаңдар жəне (сол кезде) су таба
алмасаңдар, таза топырақпенен тəяммум алыңдар (жүздеріңді жəне
қолдарыңды таза топырақпенен) сипаңдар. Алла сендерді бірер
қиыншылыққа салуды қаламайды, бірақ сендерді тазартуды жəне
сендерге Өзінің нығметін толық қылып беруді қалайды. Əрине,
шүкір етерсіңдер.
(Мəидə, 6) Егерсырқат, яки сапарда болсаңдар, немесе сендердің біреуің
əжетханадан шыққан болса жəне (осы жағдайларда) су таба
алмасаңдар, таза жер жынысына таяммум қылып, бет пен қолдарыңа
сипаңдар. Əлбəтте, Алла-ғафу етуші жəне Жарылқаушы.
(Ниса, 43)