288
Мүмін еркектер жəне мүмін əйелдер бір-бірлеріне дос. Олар
жақсылыққа бұйырады, жамандықтан тоқтатады, намазды толық
орындайды, зекетті (тиістілерге) береді, Аллаға жəне Оның
пайғамбарларына бойсұнады. Міне, соларға Алла рақым етеді.
Əлбетте, Алла Құдіретті, Дана.
(Тəубе, 71)
Күндіздің екі жартысында да жəне түннің бір бөлігінде намаз-
ды толық атқарыңдар! Əлбетте, игі амалдар жамандық күналарды
кетіреді. Бұл – құлақ салушылар үшін бір насихат.
(Һуд, 114)
Раббыларының разылығын көздеп (қиыншылықтарға) сабыр
етіп, намаздарын толық орындаған жəне Біз ризық қылып берген
нəрселерден жасырын жəне əшкере – ашық сарып-ихсан қылған
жəне де жамандықты жақсылықпен қайтаратындар – міне, солар
үшін Ақырет жұрты бар (сол жұрт) мəңгі тұратын жəннаттар болып,
олар ол жерлерге ата-бабалары, жұбайлары жəне ұрпақтарынан
болған салиқалы пенделермен бірге кіреді.
(Рағд, 22)
Олар Алла зiкiр етiлгенде, жүректерi қорқуға түсетiн, өздерiне
жеткен бəле-апаттарға сабыр ететiн, намазды толық атқаратын жəне
бiз ризық-несiбе етiп берген нəрселерден сарып-ихсан ететiндер.
(Хаж, 35)
Достарыңызбен бөлісу: