Намаз арқылы Тəңірден көмек сұрау
Күндізгі жəне түнгі нəпіл намаз
Күндіздің екі жартысында да жəне түннің бір бөлігінде намаз-
ды толық орындаңдар! Əлбетте, игі амалдар жамандық күналарды
кетіреді. Бұл – құлақ салушылар үшін бір насихат.
(Һуд, 114)
Рахманның (сүйiктi) пенделерi жерде кішіпейілдікпенен жүре-
тін, надандар (жаман) сөйлеген кезде де «Аман болыңдар» деп
жауап беретiндер. Олар түндердi Раббыларына сəжде етiп жəне
(жайнамаздың үстiнде) тiк тұрып ұйқысыз өткiзетiндер.
(Фұрқан, 64)
Ол сенi өзiң (намаз үшiн) тұрып жатқан уақытыңда да, сəжде
қылушылар (намаз оқушылар) арасында (имам болған күйiңде де,
намаз əрекеттерiнiң бiрiнен екiншiсiне) көшiп жатқан (уақытыңда
да) көрiп тұрады. Шүбəсiз, Ол – Есiтушi, Бiлушi.
(Шұғара, 219-220)
292
Түннің (бір бөлегінде) оянып, өзің үшін құлшылық (етуге шарт)
болған намазды оқы! Əрине, Раббың сені (Қиямет күнінде) мақтаулы
(яғни, күнə істеуші үмбеттеріңді шапағат етіп ақтайтын) орында
тірілтеді.
(Исра, 79)
Əрі түннiң (бiр бөлігiнде) жəне сəжделер (яғни, намаздар) арты-
нан Оны ардақта.
(Қаф, 40)
Ей, (киiмдерiне) оралып алушы, түнде (сергек болып, намазда)
тұр! Тек азғана, оның (түннiң) жарымында (ұйықтап, дем ал) немесе
(ұйқыны түннiң) жарымында да (бiраз) кемейт, немесе оған (бiраз)
арттыр (яғни, түннiң жарымынан көбiрегiнде ұйықтап, дем ал) жəне
Құранды тəртiппен (яғни, дана-дана етiп анықтап), оқы!
(Муззəммил, 2-4)
(Ей Мұхаммед алəйһис-сəлəм), əлбетте, Раббың сен жəне сенімен
бiрге болғандардан болған тайпа (яғни, сахабаларың, кейде), түннiң
үштен екiсiнен азырағында, (кейде), оның жарымында жəне (кейде),
үштен бiрiнде (ұйқысыз-сергек болып намазда) тұратындарыңды
бiледi. Түн жəне күн (сағаттары)н Алла белгiлейдi. Ол (мезгiлдердiң
өзгеруiмен түндер де ұзақ-қысқа болып тұруы себептi, сендер ол
түндерде ұйқысыз-сергек болуларың керек сағаттардың) санағына
жете алмайтындықтарыңды бiлiп, сендерге қайта жеңiлдiк бердi.
Ендi, (түнгi намаздарыңды) Құраннан жеңiл болған мөлшерде
оқи берiңдер. Ол сендердiң араңда (түндерi сергек болуға қуаты
жетпейтiн) аурулардың болуын, басқалар Алланың кеңшiлiк-
мəрхаматынан (ризық-несiбе) iздеп жер бетiнде (яғни, оның түрлi
жақтарына) сапар қылуларын жəне басқалар болса, Алланың жо-
лында соғысқа шығып кетулерiн бiлдi. Ендi, (өздерiңдi қинамай,
Құраннан) жеңiл болған мөлшерде оқи берiңдер жəне намазды
толық атқарыңдар, зекеттi (тиiстiлерге) берiңдер жəне (бейшара-
кембағалдарға-кедейлерге қайырымдылық етумен) Аллаға көркем
қарыз берiңдер. Өздерiң үшiн келтiретiн əрбiр жақсылықты (Қиямет
күнi) Алланың алдында жəне де жақсырақ, жəне де ұлырақ сый
күйiнде табасыңдар. Алладан жарылқау сұраңдар! Əлбетте, Алла-
жарылқаушы, мейiрiмдi.
(Муззəммил, 20)
293
Жəне түннiң бiр бөлегiнде де Оған сəжде ет жəне ұзақ түнде (ояу
болып) Оған тасбих айт.
(Инсан, 26)
Достарыңызбен бөлісу: |