Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет293/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   359
Намазды қысқарту
(Ей, мүміндер) сапар шегіп, басқа жерлерге барғандарыңда, егер, 
қарсы  келгендер  қастандығынан  қорықсаңдар,  намаздарыңды  қаср 
(келте,  қысқартып)  етіп  оқуларыңның  күнасы  жоқ.  Өйткені,  қарсы 
болғандар  сендерге  ашық  дұшпан  болғандар.
(Ниса, 101)
Зекет
Адамдарға əйелдер, балалар, таусылмас алтын-күміс байлықтар, 
(қымбат) бағалы аттар, мал жəне егіндер сияқты қызық-қалауларға 
көңіл  қою  əдемі  етіп  көрсетілді.  Негізінде,  бұлар-дүние  өмірінің 
(өткінші) нəрселері болып қала береді. Алланың жанында болса, ең 
қызығатын  орын  жəннат бар.
(Əли Имран, 14)
Біліп қойыңдар, əлбетте, мал-дүниелерің жəне бала-шағаларың 
(сендер  шүкір  етесіңдер  ме  яки  жоқ  па  екенін  сынақ  ету  үшін 
берілген) тек бір фитна-алдау ғана. Жалғыз Алланың алдында ғана 
(яғни, оның əмір-бұйрығына бойсұнуда ғана) ұлы  сауап  бар
(Əнфəл, 28)
Олардан күшің жеткенді үніңмен қозға, олардың үстіне атты жəне 
жаяу  (əскеріңді)  тарт,  тапқан  мал-дəулет  жəне  бала-шағаларында 
оларға серік бол (яғни, оларды арамнан мал-дүние жəне бала-шаға 
арттыруға  үйрет),  оларға  (жалған)  уəделер  қыл.  Расында,  шайтан 
оларға тек қана алдау-өтірік нəрселерді ғана уəде қылады . 
(Исра, 64)
Мал-мүлiк, бала-шаға осы дүние өмiрiнiң безегi. Раббыларыңның 
қасында болса, (мəңгi-бақи) қалушы игi амалдар сауапты жəне үмiт 
тұрғысынан да жақсы (үмiт етуге лайық).
(Кəһф, 46)


294
Олар Бiз оларға берiп жатқан мал-дəулет пен балаларды өздерi 
үшiн  жақсылықтарды  тездетуiмiз  деп  ойлайды  ма?!  Жоқ,  олар 
(мұның олардың ықылассыздықтары тағы да арта түсуi үшiн iстелiп 
жатқанын) сезбейдi. 
(Муминун, 55-56)
Ол күнде мал да, дəулет те жəне бала-шаға да пайда бермейдi. 
Тек Алланың алдына таза жүрекпен келгендерге ғана (пайда бередi).
(Шұғара, 88)
Əлбетте,  Қарұн  өзi  Мұсаның  қауымынан  едi.  Сонда  ол 
(қауым дастарына)  тəкаппарлық  қылды.  Бiз  оған  қазына-кең 
байлықтарынан  кiлттерiн  (көтерiп  жүрудiң  өзi)  күш-қуат  иелерi 
болған  бiр  жамағатқа  да  ауырлық  ететiн  (есепciз)  нəрселердi  бер-
ген  едiк.  Сол  кезде  қауымдастары  оған: «Есiрмегiн,  өйткенi,  Алла 
есiргендердi  сүймейдi  жəне  Алла  саған  берген  мал-дəулетпен 
(бiрiншi)  Ақырет  (жақсылығын)  қалағын  жəне  дүниеден  болған 
нəсiбеңдi  де  ұмытпағын.  Алла  саған  ихсан  (жақсылық)  еткенi 
сияқты,  сен  де  (Алланың  пенделерiне)  сарып-ихсан  қыл.  Жерде 
(зорлық-зомбылықпен)  бұзақылық  жасауға  ұрынба.  Өйткенi,  Алла 
бұзақыларды  сүймейдi»  дегендерiнде.  Ол  «Маған  (барлық  мал-
дəулетiм) тек қана өзiмдегi бiлiм арқылы берiлген (сондықтан, ешкiм 
оны меннен тартып ала алмайды»), – дедi. 
(Қасас, 76-79)
Ей,  мүміндер,  мал-дүниелерiң  денемесе  бала-шағаларың  да 
сендердi  Алланың  зiкiрiнен  (яғни,  Аллаға  бойсұнудан)  тоспасын! 
Кiм сондай қылса, мiне, солар – зиян көрушiлер!
(Мунафиқун, 9)
Сендердiң  мал-мүлiктерiң  жəне  бала-шағаларың  тек  бiр  алда-
ныш-сынау ғана. Ұлы сауап-сый болса, Жалғыз Алланың алдында.
(Тағабун, 15)
Жоқ, (сендер  күмəн  еткендерiңдей  iзет-құрмет  байлықпен,  қор 
болу  кедейлiкпен  болмайды).  Жоқ,  сендер  жетiмдi iзет-құрмет 
етпейсiңдер!  Мүскiн-бейшараға  тағам  беруге  де  бiр-бiрлерiңдi 
үгiттемейсiңдер! Мирасты болса (өздерiңнiң үлестерiңе өзгелер  дiкiн 
де) қосып жеумен асай бересiңдер! Жəне мал-дүниенi бекем махаб-
батпен жақсы көресiңдер!
(Фəжр, 17-20)


295
 
Ораза
Əлбетте, мұсылман еркек жəне мұсылман əйелдер, мүмін еркек 
жəне мүмін əйелдер, итағатты еркектер жəне итағатты əйелдержəне 
сабыр қанағат етушi еркектер жəне сабырқанағатты етушi əйелдер, 
кiшiпейiл  еркектер  жəне  кiшiпейiл  əйелдер,  қайыр-садақа  берушi 
еркектер,  қайыр-садақа  берушi  əйелдер,  ораза  ұстаушы  еркектер 
жəне  ораза  ұстаушы  əйелдер,  абұйырларын  (əуреттерін)  арамнан 
сақтаушы еркектер жəне абұйырларын арамнан сақтаушы əйелдер, 
Алланы  көп  зiкiр  етушi  еркектер  жəне  Алланы  көп  зiкiр  етушi 
əйелдер олар үшiн Алла жарылқау жəне ұлы сыйлық (яғни, жəннат) 
дайындап қойған.
(Ахзаб, 35)
Ей,  мүміндер,  тақуалылардан  табылуларың  үшін,  сендер-
ден  бұрын  өткендерге  парыз  етілгені  сияқты,  сендерге  де  санаулы 
күндерде  ораза  тұту  парыз  етілді.  Егерсендерден  біреу  науқас  не-
месе  жолаушы  болса,  ол  жағдайда  (ораза  тұтылмаған  күндерінің) 
санағын басқа күндерде тұтады. (Кəрілігі немесе əлсіздігі себепті) 
ораза  ұстауға  қиналатындар  (бір  күндік  оразаға  бір  күндік)  бір 
міскін-бишараның  азығы  мөлшерінде  тағамды  төлеп  берулері 
қажет. Егеркім өз ықтиярымен қосымша игілік жасаса (қажеттіктен 
молырақ төлеу берсе), өзіне жақсы. Егер, білсеңдер, ораза тұтуларың 
өздерің үшін (төлем беруден немесе кешірімді ораза ұстамаудан көрі) 
жақсырақ. (Ол  санаулы  күндер-)  Рамазан  айы.  Ол  айда  адамдарға 
тура жол жəне (шындық пен жалғанды) ажыратушы ашық аяттары 
болып Құран түсірілген. Енді, сендерден кім ол айға əзір болса, ораза 
тұтсын. Кім науқас немесе жолаушы болса, онда (ораза тұта алмаған 
күндерінің)  санағын  басқа  күндерде  (аурудан  түзелгеннен  кейін 
немесе  жол  сапарынан  оралғаннан  кейін)  тұтады.  Алла  сендерге 
жеңілдікті қалайды, сендерге ауыр болуын қаламайды. Ол (жеңілдік) 
- (ораза тұту) санын толықтыруларың жəне тура жолға салғандығы 
себепті, Алланы ұлықтауларың үшін. Шүкіршілік етсеңдер қане еді.
(Бақара, 183-185)
Сендерге  ораза  түнінде  əйелдеріңе  қосылу  адал  етілді.  Олар 
сендердің  киімдерің,  сендер  оларға  киімсіңдер. (Яғни,  ер-əйелдің 
мұқтаждығы,  адамның  киімге  мұқтаждығындай,  ерлі-зайып  бір-
бірі  үшін,  тура  дененің  айыптарын  жасырып,  оны  ыстық-суықтан 


296
сақтап, жылу беріп тұратын киім секілді). Алла сендердің өздеріңе 
қиянат етіп жатқандарыңды біліп, тəубелеріңді қабыл қылды жəне 
сендерді кешірді. Енді олармен (əйелдеріңмен ораза түндерінде де) 
қосыла  беріңдер  жəне  Алла  сендерге  жазғанды  (перзентті)  тілек 
етіңдер. Таңнан ақ жіп қара жіптен ажыратылған кезге дейін, жеп-
іше  беріңдер.  Сонан  кешке  дейін  оразаны  кемшіліксіз  тұтыңдар. 
Мешіттерде  Иғтикафта  болған  (ғибадат  еткен)  кезде  (сол  түні  де) 
олармен (əйелдеріңмен) қосылмаңдар. 
(Бақара сүресі, 187)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет