Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет154/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

401
Қалыпты зоналық топырақтар – 5 топырақ типінен тұратын 
құрғақ шөпт топырақтар
Құрғақшылықтың өлі қабаты – аспалы қылтүтік топырақ 
суының төменгі шегі мен ыза суының қылтүтік жиегінің жоғарғы 
шегінің арасында, қабат салу ылғалдылығына жақын жатқан 
ылғалды қалыңдылық.
Гравитациялық су – грунтты топырақта ауырлық күшінің 
əсерінен қылтүтіктерде ұстап тұрылмай, жоғарыдан төмен жылжи-
тын су.
Гигроскопиялық су – топырақтың ауадан сіңіре алатын бу 
тəрізді ылғалдылықтың ең жоғарғы мөлшері.
Мезорельеф – рельефтің орташа мөлшері. Мысалы, тау 
аңғарлары, алқаптар, шұңқырлар.
Макрокомбинациялар – мезокомбинацилардың жер бедерінің 
ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.
Микрорельеф – рельефтің өте ұсақ түрі. Мысалы, ұсақ құм 
төбелер, сор ойпаңдар жəне т.б. 
Пестицидтер – ауру туғызатын ұсақ бунақденелілерді жою үшін 
қолданылатын химиялық заттар.
Сорланған топырақтар – құрамында суға тез ерігіш тұздардың 
біршама мол кездесетін топырақ түрлері.
Сор топырақ – суға тез ерігіш тұздардың топырақтың беткі 
қабатынан бастап мол кездесуі.
Сортаң топырақ – топырақтың коллоидты кешені негізінен на-
трий катионына қаныққан топырақтар.
Солодтар – қалдықты кварц жəне аморфты кремний балшығы 
көп топырақтар.
Топырақ-биоклиматтық белдеу – топырақтардың көлбеулі 
зоналар мен биіктік белдеулердің радиациялык жəне жылу 
жағдайларының біртектестігі.
Топырақ-биоклиматтық облыс – топырақ зоналарының тек 
радиациялық жəне жылу жағдайлары ғана емес, сонымен катар 
ылғалдану жəне құрғақтану жағдайларының біртектестігі.
Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салы-
стырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.
Топырақ провинциясы – топырақ зонасының кейбір топырақ 
жəне оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты (ылғалдану, 
құрғақтану немесе температуралық өзгерістері) – зонаның бір бөлігі.
26–1427




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет