Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтың химиялық сіңіру қабілеті –



Pdf көрінісі
бет72/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтың химиялық сіңіру қабілеті – химиялық реакция лар 
нəтижесінде топырақтағы суда ерігіш тұздарынан қиын еритін неме-
се ерімейтін қосылыстар түзіліп, топырақтың қатты күйіне ауысуы.
Азот, тұз қышқылдарының аниондары (NO
3
-
жəне Cl
-
) топырақта 
кең таралған катиондардың (Ca
2+
, Mg
2+
, K
+
, Al
3+
, Fe
3+
, NH
4
+

ешқайсысымен де қиын еритін қосылыс түзбейді. Сондықтан 
оларды топырақ химиялық жолмен сіңірмейді. Осыған байланы-
сты топырақтағы нитраттар мен хлоридтердің жылжымалылығы 
жоға ры.
Көмір, күкірт қышқылдарының аниондары (CО
3
2-
, SO
4
2-
) бір 
валентті катиондармен суда еритін, ал екі валентті катиондармен 
(Ca
2+
жəне Mg
2+
) қиын еритін қосылыстар түзіп, топыраққа химия-
лық жолмен сіңіріледі.
Химиялық сіңіру суда еритін фосфор тыңайтқыштарының 
топырақпен əрекеттесуінде маңызды рөл атқарады.
Суда еритін фосфор тыңайтқыштары топырақтағы алмаспалы 
кальциймен əрекеттесуі нəтижесінде де химиялық жолмен сіңіріледі.
Фосфор қышқылының қарқынды түрде химиялық сіңірілуі 


174
топырақтағы фосфордың жылжымалылығын баяулатады. Мұның 
өзі өсімдіктің фосфор тыңайтқыштарының құрамындағы фосфорды 
қабылдауын төмендетеді.
Топырақтың физикалық-химиялық немесе алмасып сіңіру 
қабілеті – теріс зарядты топырақтың майда дисперсті коллоидты 
бөлшектердің, топырақ ерітіндісіндегі катиондарды сіңіру. Мұнда 
топырақтың қатты фазасынан (бөлігінен) топырақ ерітіндісіне 
эквивалентті мөлшерде басқа катиондар шығарылады.
К. К. Гедройц алмасу реакциясына бейім топырақтағы барлық 
майда дисперсті коллоидты бөлшектердің жиынтығын топырақтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет