Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет73/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

сіңіру кешені (ТСК) деп атаған. Топырақ сіңіру кешені майда 
(көлемі 0,00025 мм-ден аз) жəне ірі (көлемі 0,001 мм-ге дейін) кол-
лоидты бөлшектерден тұрады.
Топырақтың сіңіру сыйымдылығы (Т) – алмасу реакциясына 
бейім топырақтағы сіңірілген катиондардың жалпы мөлшері. Сіңіру 
сыйымдылығын 100 грамм топырақтағы катиондардың миллиграмм-
эквивалентімен өрнектейді (мг-экв/100 г)
Топырақтың 
сіңіру 
сыйымдылығының 
мөлшері 
оның 
механикалық құрамына, майда дисперсті бөлшектердің жалпы 
мөлшері мен олардың химиялық жəне минералогиялық құрамына
топырақ реакциясына байланысты.
Сонымен бірге, топырақтардағы сіңірілген катион-
дар құрамы əртүрлі болып келеді. Барлық топырақтарда 
сіңірілген катиондар арасында кальций мен магний мөлшері 
көп болады. Мысалы, кəдімгі жəне қуатты қара топырақта 
сіңіру сыйымдылығындағы катиондардың 80 – 90%-ы каль-
ций жəне магний үлесіне тиеді. Оңтүстік қара, қара қоңыр, 
боз топырақтарда кальций жəне магний көп болғанмен
оның құрамында аз мөлшерде сіңірілген натрий кездеседі. 
Олардың құрамында сутек катиондары болмайды. Сор, сортаң 
топырақтарда кальций, магниймен бірге сіңірілген натрий көп 
болады. Қызыл жəне шымды-күлгін топырақтарда сутек пен 
алюминий иондары көп болады. Калий жəне аммоний катион-
дары барлық топырақтарда аз мөлшерде кездеседі.
Сіңірілген катиондар құрамы топырақтың физикалық, химиялық 
қасиеттеріне, өсімдіктің өніп-өсуіне, тыңайтқыштардың əсеріне 
жан-жақты ықпал етеді.
Топыраққа сіңірілген катиондардың құрамы мен олардың 


175
арақатынасын тыңайтқыш жəне мелиоранттар қолдану арқылы рет-
теуге болады. Мысалы, сілтілік реакция тудыратын сіңірілген на-
трий катиондарын сортаң топырақ құрамынан ығыстыру үшін гипс 
қолдану керек. Мұнда натрийді алмастырған кальций катиондары 
өсімдіктің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай тудырады.
Топырақтың структуралық құрамы. Əдетте, топырақтар пішіні 
түрліше болып келетін жеке бөлшектерден тұрады. Бұлар топырақ 
структурасы болып табылады. Топырақ структурасы шаң неме-
се тозаң түрінде болатын өте ұсақ бөлшектерден бастап, мөлшері 
жаңғақтай, тіпті, одан да үлкен болып келетін кесектерден тұрады. 
Топырақтарда неғұрлым кесекті бөлшектер көп орын алып, неғұр-
лым олар берік жəне кеуекті болса, соғұрлым ол борпылдақ келеді. 
Борпылдақ топыраққа өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын 
қарашірікке айналдыратын бактерияларға қажетті су мен ауа 
оңай сіңеді. Топырақ структурасын құрауда жауын құрттарының 
атқаратын жұмысы орасан зор. Бұл құрттар өздерінің қоректену 
процесінде топырақтағы өздеріне керекті заттарды пайдаланумен 
бірге өздері бөліп шығаратын шырынды заттар арқылы топырақтың 
ұсақ түйіршіктерін біріктіріп, капролитті структуралар түзеді. Міне, 
осындай структуралы топырақтарда мəдени өсімдіктерге қажетті 
барлық жағдай жасалынады да, дақылдар жақсы өніп өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет