Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Интразоналдылық топырақтар жəне олардың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет117/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

12.4. Интразоналдылық топырақтар жəне олардың ерекшеліктері
Атынан белгілі болғандай, бұл топырақтар əрбір зоналарда түзіліп, 
солардың арасында таңдақ-тандақ болып кездеседі. Зона аралық 
топырақтар ішінде негізінен: 1. Сорланған топырақтар; 2. Сортаң 
топырақтар; 3. Солодтар (кермектер) топырақтар типтері кездеседі.
Сорланған топырақтар. Сорланған топырақтар деп кұрамында 
суға тез ерігіш тұздардың біршама мол кездесетін топырақ түрлерін 
айтады. Ал суға тез ерігіш тұздар топырақтың беткі қабатынан бас-
тап, мол болып кездессе, олар сор топырақтар (солончаки) болып 
саналады. Тұздардың мөлшерден көп кездесуі ондағы өсімдіктерге 
зиянды (улы) əсер ететіндіктен бұл топырақта өсімдіктер дүниесі 
жоқтың қасы. Мұнда тек тұздың молдығына табиғи бейімделген 
соршөптер (галофиттер) өседі, ал тұз мөлшері аса көбейіп кетсе, 
жалаңаш сорға айналады. Сорланған топырақтар көлемі (сортаң 
топырақтарды қоса есептегенде) 120 млн гектардай, яғни ТМД 
елдерінің 5,4%-ы. Ескеретін жай, сорланған топырақтар, оның 
ішінде, əсіресе, сортаң топырақтар жеке түзілмей, көбінде зоналы 
топырақтар арасында комплексті жағдайда кездеседі.
Жалпы сорланған топырақтарды көп зоналарда кездесетін зона 
аралық топырақ дегенімізбен, ол негізінен жауын-шашын аз түсетін, 
ауа райы жылы, булануы мол аймақтарда кездеседі. Олардың пай-
да болу жолдары əрқалай: 1) Бұл топырақ астындағы тұзданған ыза 
суларының жер бетіне жақын болып, олар буланған кезде топырақ 
қабаттарында жəне оның бетінде су құрамындағы тұздардың 
шоғырлануынан пайда болады. Сорлану үшін топырақ астындағы 
ыза сулардың жер бетіне жақындығы мен олардың тұздану деңгейі 
едəуір рөл атқарады.


294
19-кесте
Төмендегі кестеде бұрынғы КСРО елдерінде қабылданған сулардың 
тұздану деңгейі жүйелері келтірілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет