165
Бөлінген ең соңғы заттар – қорғасынның тұрақты изотоптары:
206
Рв,
207
Рв,
208
Рв. Бұлардың арасындағы изотоптар аз уақыт қана болады
жəне олардың пайда болуы аналық радиоизотоптарға байланысты.
Бүлінбеген тау жыныстарында əр туынды радиоактивтігінде
тепе-теңдік жағдайы байқалады. Ол кезде барлық туынды
мүшелерінің саны бірдей болады. Топырақта радиоактивтік тепе-
теңдік сақталмайды, өйткені радиоактивтік туыстық құрайтын түрлі
элементтердің миграциялық қасиеттері əртүрлі келеді. Мысалы,
əрбір туыстық арасындағы шығатын газ түріндегі радон жəне оның
көп бөлшегі атмосфераға ұшуы мүмкін.
Топырақ түзуші тау жыныстарындағы радиоизотоптардың
мөлшерлері көрсетілген.
Уран –
табиғи уран
234
U (0,0058%),
2О6
U(О,71%) жəне
238
U(99,28%)
изотоптарынан тұрады. Уран көптеген тау жыныстарының ішінде
кездеседі, ал топырақтарда тұрақты болады. Оның мөлшері, əсіресе,
фосфаттарда көп. Сондықтан фосфор тыңайтқыштарында жəне
фосфатты тау жыныстарынан түзілген топырақтарда көп кездеседі.
Радий –
жоғары атомдық салмағы бар
22б
Rd ауыр химиялық эле-
мент. Ол химиялық элементтердің ішінде сілтілі-жер элементтеріне
жатады, яғни биофильді кальций магний элементтердің анало-
гы. Радийдің ядросы сəулелермен бөлініп, басқа типке айналғанда
көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Оны радийлі белсенділік, ал
элементтердің өздерін радий белсенділер деп атайды.
10-кесте
Достарыңызбен бөлісу: