қалыптастыра отырып, пəнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатындақолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы – əлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Технологияның негізін қалаушылар американдықғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшы- лыққа алады. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынанойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде ォСыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамытуサ бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Қазіргі заманғы педагогикалық технология ретінде ең озық əдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нəтиже шығара білу – əрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғандаォСын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазуサ дегенді білдіреді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтардаүйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашыққоғам институты, ォСорос-Қазақстанサ қоры арқылы келген бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибелеріне енгізілуде. ォСын тұрғысынанойлауサ ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларғақарсықоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдіктеұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сыни тұрғыдан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларынағана тəн деп ойлау аса дұрыс емес. Бастауыш сынып оқушыларының да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайдаөз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сыни ойлау – өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұраққоюдан жəне шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушыөзі сұраққойып, шешімін өзі айқындайды. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Бұл технология мұғалімдерді несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ-жауап ретінде көрсетейік. Сын тұрғысындан ойлау дегеніміз не? 292 293 ォОқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуサ бағдарламасы бойынша ол: - шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мəселелерге сын көзбенқарау; - күрделі мəселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауғақұштарлық; - үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудіңқызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым. ォСТО-ды дамытуサ технологиясы немен қызықтырады? • Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен. • Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің /стратегияларының/ көптігімен. • Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен. ォСТО-ды дамытуサ технологиясыныңөзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар? • Сын тұрғысынанойлау сабақтарыныңқұрылымы /қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/. • Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы. • Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері. «Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлауサ сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады: 1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау. 2. Қиялын дамыту үшінォменің ойымшаサ деген жауапқа дағдыландыру. 3. Тіл байлығын дамыту үшінқалайда жауапты соңына дейін тыңдау. 4. Жеке тұлға ретінде ォменサ деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. «Сын тұрғысынан ойлауды дамытуサ технологиясы үш кезең бойынша қолданылады: Қызығушылықты ояту ( ォкөпір жасауサ, ой қозғау); Мағынаны тану (мағынаны ажырату); Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады). Білім берудің маңызды шарты оқуүдерісінде оқушылардың қызығушылығынарттырып, өздігінен білім алуғақұштарлықтарын дамыту болып табылады. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік. Қызығушылықты ояту. Үйренуүдерісі – бұрынғы білетін жəне жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңаұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабаққарастырылғалы тұрған мəселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы əсер ету жүзеге асады. Осы кезеңгеқызмет ететін ォТоптауサ, ォТүртіп алуサ, ォОйлануサ, ォЖұпта талқылауサ, ォБолжауサ, ォƏлемді шарлауサ, т.б. деген аттары бар əдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткеніүйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-əрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі,