Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет133/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151
- Автор оқырманды қалай қызықтырады?
- Кейіпкерлердің іс-əрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.
Бұл əдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып,
жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай
жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ,
əдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,
оқыған мəтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты
ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша
ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман
қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл əдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы
сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім
296 297
сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған
əсерін, не үйренгенін, нені əлі де біле түсу керек екенін, т.б. жайлы
өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді.
Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін
таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға
болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап,
ойын түйіндеуге үйрететін бұл əдісті кез келген сабақта қолдануға
болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі
жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары
жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі.
Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып,
оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау
операциясын меңгереді.
РАФТ. Бұл стратегияны кейіпкерге хатдеп алса да болады.
Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат,
өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мəтіннің
мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара
оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады,
қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға
жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мəтінмен жұмыс істей
отырып, мəтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады.
Бұл дегеніміз, оқудың барлық əдістерін меңгеру болып табылады.
Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған
сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың
сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін
біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
Қосжазба күнделігі: мəтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір
жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан
дүниесін түсінуге тырысады.
Эссестратегиясы бойынша өз ойынан əр түрлі пікірлер
құрастырып, оны дəлелдеуге үйренеді.
Сауалнама-интервью стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге
үлкен септігін тигізеді. Сауалнама-интервьюстратегиясы
бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары
бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытындылауға болады.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін
ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология
оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету
жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-əрекеттің жүйелі дамып
отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді.
Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Технологияның мақсаты – оқушылардың шығармашылық
ойлауын сыни тұрғыдан дамыту.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-
өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тəсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі.
Шығармашылық қабілет əр баланың табиғатында болуы мүмкін.
Мұғалімнің міндеті – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан
мүмкіндіктерін ашып көрсету. Бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін, сабақта жəне сабақтан тыс уақытта
дамытуда СТО жобасының көптеген стратегияларын қолдануға
болады:
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа
пікірталас тудыру /ой қозғау, инсерткестесі/
Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс
/эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар, т.б. стратегиялар/
Əңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,
мəтіндегі __________ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн
диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
Кейіпкерге мінездеме беру, өз ойын жазғызу /авторға,
кейіпкерге хат жазу стратегиясы /
Шығармада екі кейіпкердің қарама-қарсы элементтерін
сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
Өлең шумақтарын құрастыру /5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту мақсатымен келесі жұмыстар жүргізуге болады:
Мұражайға апару;
Əр түрлі кездесудер өткізу;
Əр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталас өткізіп, алған əсерлері
бойынша шығарма жазғызу;
Балаларға арналған журнал-газеттерге жаздырып, оны сабақ
кезінде үнемі пайдалануға мүмкіндік беру;
298 299
Əрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы
толық мағлұмат жинату, реферат жазғызу.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын
қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар
ұйымдастыруда шығармашылық, пəндік апталықтар, пəндік
үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.
Осындай жұмысты үнемі жүргізу оқушыларды шығармашы-
лыққа баулуға, шəкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет