Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет132/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   151
тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның
ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте
қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы
ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші
кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа
ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсыр-
малар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік
көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша
жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның
бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу бары-
сында V – білемін, ― - мен үшін түсініксіз, + - мен үшін жаңа
ақпарат, ? – мені таң қалдырадыбелгілерін қойып отырып оқу
тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық
етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір əңгіменің соңына
тез жету, оқығанды есте сақтау, мəнін жете түсіну – күрделі жұмыс.
Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау сал-
дарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.
Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған
кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер
білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға əзірленеді.
Бұл əрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында
көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
294 295
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі.
Күнделікті оқыту үдерісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,
өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз
ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.
Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен əсерлі түрде ой алмастыру, ой
түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың
əр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта
түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Əр түрлі
шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты
құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған Бес жолды өлең, Венн
диаграммасы, Еркін жазу, Семантикалық карта, Т кестесі
сияқты стратегиялар əр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне
қарай лайықтала қолданылады.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нəтижелерге кол
жеткізеді:
оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен
жəне түсіністікпен қарауға үйретеді;
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның
дамуын қамтамасыз етеді;
ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге
ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың
белсенділігі өте жоғары болады.
kaz-news.ru | ekhut.ru | omsk-media.ru | samara-press.ru | ufa-press.
ru
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Бастауыш мектептің
оқу үдерісінде қолданылатын стратегияларға түсінік берейік.
Джиксо – ұжымдық оқыту əдісі. Мақсаты – жалпы мəселені ал-
дымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда əрбір оқушы
бір сəт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі ар-
тады.
Əдісті __________қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен
ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл жанұятоптар деп
аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз
алдына жұмыстобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың
тақырыбы талқыланған соң осы мəтінді түсіну қажет екендігі
ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мəтіннің 1-бөлігін 1-лер,
2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.
Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға жұмыс тобындамəтіннің
тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті жанұя
топоқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мəтінді тұтас түсіну
əр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып,
өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.
Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға
үйренеді. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен
меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға
деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас
қалыптасады, саналы тəртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп
қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Оқушылардан дəптердің бетін
(не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен
бөлу сұралады. Мəтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына сол
жағына мəтіндегі қатты əсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.
Сол əсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді,
себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар, т.б.)
Əр оқушы мəтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң
жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде
мұғалім қорытуға арналған əзірлеп келген сұрақтарын қойып,
жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын
білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
- Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет