Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет136/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   151
Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлау
технологиясы стратегиялары бойынша оқыту, үйрету барысында
мынадай қорытыныды жасауға болады:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін табады.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын
тыңдап, талқылайды (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми,
шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық
жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырады.
5. Білім дəрежесі деңгейін саралау /өзіндік талдау, синтез,
бағалауының деңгейі қалыптасады/.
6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай
білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда бола-
ды, сонымен қатар өзінің жəне өзгеледің пікірі мен тəжірибесіне
құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы əрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады жəне ол
кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тəжірибесімен, пікірлерімен бөлісуге
үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын
ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға
үйренеді.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Дəстүрлі оқыту мен оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқытудың мақсаты мен
міндетінің өзгеру кестесін толтықтырыңыз.
Дəстүрлі оқыту Сын тұрғысынан ойлау
арқылы оқыту
Оқушы - білім мен дағдыны
игереді;
- т.б.
- өзін-өзі дамыту жəне өзін-
өзі жетілдіру
- т.б.
Оқу үдерісі - тəжірибе мен білімді
игеру;
- т.б.
- оқушының жекелей дамуы,
жеке тұлғаның қалыптасуы,
өзін-өзі жетілдіру;
- т.б.
Нəтиже - оқушыларды болашақ
тыныштықты, бір
қалыпты, жоспарлы
өмірге дайындау,
- т.б.
- қазіргі мектепте, қазіргі
ұжымда жайлы өмірге
жағдай жасау;
- т.б.
2. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы бойынша мақсаттары мен тəсілдерінің мəліметтер
кестесін толтырыңыз:
Кезеңдері Шақыру Іске асыру Рефлексия
Мақсатықып үйренушінің
өткен білімі мен
тəжірибесін өзекті
ету;
- т.б.
- оқып үйренуші-
мен жаңа білімді
алу;
- т.б.
- жаңа білімді
беру;
-
306 307
Тəсілдері - Миға шабуыл;
- т.б.
- инсерт əдісі
бойынша
белгілеумен
мəтін оқу
- т.б.
- Инсерт
таңбалау
кестесі;
- т.б.
Нəтижелер - маңызды
тəжірибе;
- т.б.
- жүйелі білім;
- т.б.
- берілген
білім;
- т.б
3. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясында __________жиі қолданылатын стратегияларды сипаттаңыз:
Стратегия атауы Мазмұны
Инсерт
Миға шабуыл
Топтық пікірталас
Үзілістермен оқу жəне Блум
сұрақтары
Кластерлер
Синквейн
Жетілдірілген дəріс
Эссе
Басты терминдер
Шатастырылған логикалық
баулар
Білемін – Білгім келеді –
Білдімкестесі
Өзара сұрақ
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Мирсеитова С. С. Словарь RWCT. – Алматы: Верена, 2005.
2. Стилл Д. Ж., Мередит К., Темпл Ч., Вальтер С. Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. Оқу мен
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлама жобасы
үшін дайындалған əдістемелік құрал. – Алматы, 1998.
3. Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Бірлескен оқу. Сыни
ойлауды оқу мен жазу арқылы дамытужобасы үшін əзірленген V
құрал. – Алматы, 1998.
4. Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сабақтарды жоспарлау жəне
бағалау. Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамытужобасы үшін
əзірленген VI-құрал. – Алматы, 1998.
5. Темпл Ч. Стратегии для использования в любых предметных
областях. – Алматы, Фонд ХХІ век, 2002.
6. Темпл Ч. Критическое мышление и критическая грамотность.
Перемена, Международный журнал о развитии мышления через
чтение и письмо, 2005, том 6, №2.
7. Фостер К. Вводные вопросы для активизации критического
мышления. – Перемена, Международный журнал о развитии
мышления через чтение и письмо, 2004, том 5, №4.
8. Хербек Дж., Бейер К. Обучение критической грамотности:
Как помочь будущим учителям осознать роль чтения и письма в
раскрепощении личности. – Перемена, Международный журнал о
развитии мышления через чтение и письмо, 2003, том 4, №4.
9. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образование,
2001.
10. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары.
Алматы, 2005.
11. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
12. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
13. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
14. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль:изд-во ЯГПУ им.
К.Д.Ушинского, 2002.
15. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
16. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
308 309
14. ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ЖЕТІЛДІРУ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
14.1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру –
математикалық білім беру технологиясы
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математи-
калық білім технологиясы 1964-1996 жылдар арасында академик
П. М. Эрдинестің жетекшілігімен жүргізілген теориялық жəне
тəжірибелік ізденістердің, практикалық, жұмыстың нəтижесінде
өмірге келді.
П. М. Эрдниев дидактикалық бірліктердеген ұғымды осыдан
20 жыл бұрын енгізген.
Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпаратты
алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді
ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға
өріс ашылады.
Академиктер В. Журавлев, А. Маркушевич, т.б. бұл
технологияның тиімділігін атап өтіп, ғасыр идеясыдеп таныған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып,
оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің
кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дəл осы əдістемені қолдану
барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр деуге болады.
Оқушының білімінің сапасына əсер ететін факторлардың
бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мəні, мағынасы,
мүмкіндіктерінің рөлі зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет