Бүгін де дидактикалық бірліктерді ірілендіру жаңашылдық технология ретінде əр түрлі аймақтарда кеңіненқолданылуда. Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің, Екатеринбург__________, Самара, Хабаровск, Братек, т.б. қалаларының тəжірибесіне енген. Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор Т. Қ. Оспановтың жетекшілігімен жазылғанォМатематикаサ оқу- лықтары осы теорияға негізделген. Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл əдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық айтуға мүмкіндік бар. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру əдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей: 1. Қарама-қарсыұғымдарды, əрі өзара байланысты операция- ларды қатар оқыту. 2. Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңіненқолдану. 3. Деформацияланған жаттығуларды пайдалану. 4. Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының артуы. Осы қағидалардың əрқайсысына жеке тоқталып, олардың оқушыны ойлауғаүйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік. Оқыту практикасы ォқосу мен азайтуサ, ォкөбейту мен бөлуサ бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмейқатарұсынылудың тиімділігін көрсетіп отыр. Біріншіден, бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетугеөтеқажет. Екіншіден, ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді. Оқытудың __________гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сəйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңашақарым-қатынасқалыптасады. Мысалы: Бірліктер түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу ойлау əрекетінің ішкі потенциалды резервтерін ашуға көмектеседі. П. К. Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас зандылықтарының бірі ォкері байланысサ заңының іске қосылуымен тиімді. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығаруォкері есепサ ұғымы ғылымғаөзіміз жоғарыда айтып өткен академик П. К. Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты. Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белеенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады. Математикалық əдебиеттерден мынадай ережені көп кездестіруге болады. ォМатематикадағы басты нəрсе-ұғымдарды ой елегінен қайтаөткізе білуサ. Кез келген тура есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рөлде болады. Бірінші жағдайда екі санныңқосындысы, көбейтіндісі түрінде болса, екінші жағдайда айырма не бөліндіқызметін атқарады. Жаңа буын оқулықтарында бес түрлі: қосындыны табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не кем санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын 310 311 есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген. ォКері есепサ ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жанына портфельді орналастырған соң, мына есеп айтылады. Столда 5 кітап бар, ал портфельдегі кітаптардың 3-еуі артық. Портфельде қанша кітап бар? Бұдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па, кем бе екенін анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады. Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдында, столдағы кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдағы кітаптың одан 3-еуі кем. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдынғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауаптар алынады. Белгісізді бірінші жағдайдақандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан кейін ғанаォкері есепサ ұғымы енгізіледі. Бақылау сұрақтары: 1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының мақсатын айқындаңыз. 2. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының тұжырымының ерекшеліктерін сипаттаңыз. 3. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының əдістерінің ерекшеліктерін анықтаңыз. 4. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының мазмұнына сипаттама беріңіз. Ұсынылатын əдебиеттер: 1. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образова- ние, 2001. 2. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудыңқазіргі технология- лары. Алматы, 2005. 3. ƏбдіғалиевҚ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2004. 4. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007. 5. ЖүнісбекƏ. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008 6. Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002. 7. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998. 8. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 312 313 15. ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ Жоспар: 15.1. ォДамуサ, ォдамыта оқытуサ ұғымдары. 15.2. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы. 15.3. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері. 15.4. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру. 15.1. «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары ォДаму дегеніміз – материалдық жəне идеялық объектілердің қайтымсыз, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсек, регрестік түрі келетінде тұрады,サ – деп тұжырымдайды З. Кариев. Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. ォДамуサ ұғымы сөздікте ォ... мөлшерлікөзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалықөзгерістерге айналуыサ, – деп түсіндіріледі. ォДамуサ ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңартуүдерісі, жаңаныңөмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғатқұбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейгеөтіп отырады. И. Я. Лернер ォдамуサ деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның əртүрліқиындықтардағы мəселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай