ерекшеліктері: - үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану; - жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; - ізгілендіру, ерікті оқыту; - əр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; - оқыту мен тəрбиенің бірлігі. Қазіргі заман талабына сай қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара жəне ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, əр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нəтижесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау жəне бақылау деп бөлуге болады. Білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп тұжырымдау, есепті талдап шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің іс-əрекетіне бақылау жасай білу, т.б. Материалды көрнекі беру негізгі ұғымдарды дифференциялап топтауды, оларды талдаудың жалпы тəсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді. В. Ф. Шаталовтың оқыту əдістемесі, негізінен, жеті психологиялық-педагогикалык принциптерден тұрады. Олардың əрқайсысының мазмұның ашайық. I. Теориялық білімді алдын ала ірілендірілген мөлшерде беру, алға жылдам жылжу принципі. Оқытудың дəстүрлі жүйесінде сабақта оқушылар жаңа материалдың микромөлшерін ғана оқып, одан соң оны пысықтау жəне есеп шығару жүргізіледі. Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға топталған теориялық материал өтіледі. Блоктар дегеніміз – құбылыстар, үдерістер жəне заңдылықтар бір-бірімен логикалық біте қайнасқан жаңа білімнің үлкен көлемді бөлшектері. Мұндай байланыстыру – мұғалімге программалық материалды блок құру үшін қайтадан құрастыруға жəне тірек сигналдары жүйесін кодтауға мүмкіндік туғызады. Теорияның өзекті мəселелерінен басқа ұсақ сұрақтар 186 187 қарастырылмайды, олар кейінірек не жеке қарастыралады, не кейінгі сабақтарда материалды «жетілдіру» кезеңінде өтіледі. Бұл жаңа материалды жылдам өтуді, басты мəселеге көңілді көбірек аударуды, себеп-салдар байланысын түсінуді, яғни жаңа материалдың құрылымын тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді. Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабағы жүргізіледі, мұнда жұмыс қорытындыланады, оқушылар сұрақтарға жауап береді жəне олардың əрқайсысына үлгірім экранында қорытынды баға қойылады. «2» қойылмайды. Бос тор қалдырылады жəне оқушыға өтілген теориялық материалды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан əрі оқушылар жалпылай есеп шығаруға кіріседі. Жол жөнекей анықталмаған кейбір ұсақ сұрақтар талқыланады. Тақырып бойынша «түзету-жөндеу жұмыстары» жүргізіледі. Теорияны оқытудан үнемделген уақыт оқулықтағы есептермен қатар конкурстық есептер шығаруға арналады.