мазмұндық ерекшелігі: - оқу материалы ірілендіріп беріледі; - блоктық түрде беріледі; - оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі. Тірек сигналы– мəн, мағынаны (белгі, сөз, үлгі, сурет жəне т.б.), білдіретін құрамды бейне. Тірек конспекті – қысқа конспект түрінде берілетін тірек сиг- нал жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі). Жаңашыл __________ұстаз əдістемесінің негізгі элементтерінің бірі – тірек сигналдары. Бұл – игерілуге тиіс білімнің мазмұны кодталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты тусінуді жəне оны есте сақтауды жеңілдететіні белгілі болды. Əдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сəйкес эпизодты қолданылады. Шаталовтың көрнекі схемаларды қолданудағы жаңалығы – оларға оқу үдерісінде берілетін ерекше рөлінде. Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа тақырыптың жекелеген бөлшектері жиынтығын бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге жəне оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын қүнде тексеруді, бағалау мен өзін-өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары – оқыту үдерісінің тұрақты жəне қажетті компоненті. Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі (түсті бояуды қолдану, фармалары, сөздік материалдары) белгілі бір талаптарды қанағаттандыратандай болуы қажет: игеру мүмкіншілігі, безендіру мəдениеті, формалардың əртүрлілігі, сезімдік кұндылығы жəне т.б. Бұл шарттар көрнекі материалды қабылдау талаптарынан туындайды. Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген блоктар түрінде беру принципін іске асыруды қамтамасыз етеді. В. Ф. Шаталов теориялық түсінікті іріленген блоктар түрінде 184 185 береді, бұған программаның үлкен тараулары енуі мүмкін. Бұл жүйемен білім тек терең түсіну негізінде ғана жемісті болады. Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай сыныпификацияланады (қызыл түспен – ең маңыздысы, жасылмен – одан төменірегі жəне сол сияқты). Көрнекілік құралдарды қолданудың əр түрлілігі, тірек сигнал- дары мазмұнының абстрактылы жəне нақтылы компоненттерінің ұштасуы, оның маңыздылығы бойынша классификациялануы – Шаталов ұсынған көрнекі схемаларының ең маңызды ерекшелігі. В. Ф. Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов тəжірибесінің бірінші ерекшелігі – оқу үдерісіндегі оқушылардың іс-əрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге бөліп көрсетті. І кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, ІІ кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, ІІІ кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек __________плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, IV кезеңде оқушылар оқулықпен жəне тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді, V кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дəптертеріне жазып, VI кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тəжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір- бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының қалған