Өзіндік жұмыс тапсырмалары: 1. Проблемалық оқыту технологиясында қолданылатын ұғымдарға (проблема, проблемалық оқыту, проблемалық жағдай, т.б.) педагогикалық сөздіктерде берілген анықтама бойынша сипаттаңыз. 2. Проблемалық сабақ ұйымдастыру əдістемесін талдаңыз. Ұсынылатын əдебиеттер: 1. Махмутов М. И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. – Алматы: Мектеп, 1981. 182 183 2. Брызгалова С.И. Проблемное обучение в начальной школе: Уч.пос. Изд. 2-е, Электронды оқулық испр. и доп. /Калинингр. ун-т. – Калининград, 1998. 3. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005. 4. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2004. 5. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007. 6. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008. 7. Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К.Д.Ушинского, 2002. 8. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998. 9. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 11.3. В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы ォҚазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажетサ, – деп Елбасы атап көрсеткендей, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық əдіс-тəсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны əр пəн мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Осындай технологиялардың бірі – Шаталовтың тірек сигналдар технологиялары. ォТірек сигналдары арқылы оқытуサ технологиясының негізгі мақсаты: оқушыларда мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша білім, білік, дағды қалыптастыру; жеке мəліметтеріне қарамастан, барлық баланы оқыту; жеделдете оқыту. ォТірек сигналдары арқылы оқытуサ технологиясының принциптері: - үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану; - жекелей əрекет жасау; - ізгіліктік (барлық балалар дарынды); - мəжбүрсіз оқыту; - түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиелініссіз оқыту; - тəрбие мен оқытуды байланыстыру. ォТірек сигналдары арқылы оқытуサ технологиясының