Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет90/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау жəне бірнеше
рет түрлендіре қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.
В. Ф. Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың
творчествосы тек терең жəне тиянақты білім негізінде ғана ашыла-
ды. Білім, тек білім ғана бірінші орында, ал творчество екінші».
Жаңа сабақты түсіндіру ең кемінде екі рет жүргізіледі.
Біріншісі дəстүрлі əңгіме, дəріс, көрнекі кұралдар пайдаланылған
эвристикалық əңгімелесу түрінде өтеді.
Оның мақсаты – барлығын талдау – түсіну (ұғымдарды, кұру
логикасын жəне т.б.), яғни қабылдауды жəне ойлауды қамтамасыз ету.
Екінші түсіндіру қысқалау жəне жылдамырақ тірек плакат (сигнал)
бойынша жүргізледі. Плакатсыз да кодоскоп немесе диапроектор
арқылы проекциялап жүргізуге болады.
Сабаққа дейін тақтаның артқы бетінде əр түспен кескінделген
тірек сигналдары жазылып, қайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып
көрсетіледі.
Екінші рет қайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу
болмайды. Қайталау, мұғалімнің айқын мазмұндауы – бұл жүйеде
пысықтау кезеңінің орнына жүреді жəне дəстүрлі оқытудағы жаңа
сабақты меңгеріп үлгермеген оқушының шала түсіндіруінен гөрі
əлдеқайда пайдалы болады.
Жаңа теориялық білім бірінші жəне екінші қайталауда қаншама
ұғымды түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық игереді
жəне мазмұндаудың негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық
іске асырылды деуге болмайды. Онсыз бұл білімді еркін пайдалану,
тəжірибеде кең қолдану мүмкін емес.
Шаталовтың əдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде
оқушылар ешнəрсе жазбайды, тек тыңдайды (психологтардың
зерттеу қорытындылары бойынша қос қабаттасқан психологиялық
іс-əрекет тиімсіз). Осы əдістемемемен орта жəне жоғары кластарда
жаңа тақырыпты мазмұндаудан соң бұл материал бойынша
жаттығулар шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша
болса да рұқсат.
Өткен тараулар материалынан – қалағандарынша, ал жаңа
тақырып бойынша ешнəрсе, жаңа сабақты екі рет мазмұндау
принципін енгізгеннің өзінде іс жүзінде əр оқушының жаңа тақырып
бойынша жаттығуларды толық қабылдауы мүмкін емес.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық мəтінін мұғалімнің
мағыналық өңдеу тəсілдерін қалыптастыруды, тірек сигналдарды
оқушылардың өзіндік іс-əрекетін ұйымдастыру кұралдары мен
мнемотехника тəсілдері ретінде қолдануды оқушылардың ой еңбегі
мəдениетінің жалпы əдістерін дамыту деп қарастыруға болады.
Шаталовтың бақылауы бойынша, оқушылар бұл тəсілдерді жаңа
мəтінмен жұмыс жасағанда кең қолданатыны байқалады.
Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау əдісі де жаңа формалы
белсенді іс-əрекетті талап етеді. Игерілген материалды магнитофонға
ауызша ақырын баяндау жəне ақырын жауап беру (бір сабақта 50
оқушыға дейін) сөйлеу мəдениетін жəне оның жүйелілігін белсенді
еске түсіру тəжірибесін арттырады.
Ауызша жауап бергенде оқушылар тірек сигналдары бар беттерді
(магнитофон арқылы ақырын сұрауда) немесе тірек плакаттарды
(тақтада жауап берсе) пайдаланады.
Мұнда бірнеше ойлау операцияларын орындайды: баяндау
жоспарын есте сақтау, өзінің баяндауы тірек сигналдар арасындағы
байланысын орнататын материалдарды өндеу. Бұл жаңа термин-
дермен жұмысты жеңілдетеді, өз қабілетіне сенімділігін арттыра-
ды. Жазылғандарды __________оқушылардың өзара тыңдауы жəне бағалауы –
бұның бəрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындық қажеттігін
туғызады, ал тірек сигналдарды қолдану дайындық уақытын
қысқартады (сабақта 20 минутқа дейін).
188 189
Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру,
өзара байланысын жəне жүйесін анықтап бөлу, жазбаша жəне ауызша
еске түсіру оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белсенділігін
арттырады.
Шаталовтың əдістемесі жаңа материал мазмұнын түрлендіре,
қайталау жолымен есте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл үйде тірек
сигналды оқулықтың сəйкес бөлімімен байланыстырып оқу, келесі
сабақта тірек сигналдарды жазбаша қайталап еске түсіру, оқулық
материалын жəне басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға
жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру,
өзара тексеру беттері бойынша жауап жəне т.б. қайталау түрлері
жəне көптеген есеп шығару.
Осы əдістеме бойынша оқылған материалды қайталаудың
ерекше манызды формасы – өзара тексеру беттерімен жүргізілетін
сабақтар. Шаталов мұндай сабақтарды 4-сыныпта 3 беттен, 5-
сыныпта 2 беттен, 6-сыныпта 3 беттен белгілі бір оқулық тараулары
бойынша жүргізеді. Ол беттер бойынша білім тексеруді оқушылар
өзара жүргізеді.
Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30
40 сұрақ) біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап
бергенімен, ォ3サ-тен артық баға қойылмайды.
Ал мұндай жағдай егер екі рет кездессе, онда ол оқушының
партасынан жалаушасы алынып, əрі қарай сұрау тоқталады. Мұның
бəрі терең, тиянақты білігін қалыптастырудың негізін қалайды.
Мұнсыз оқушылардың ойлауын дамыту мүмкін емес.
III. Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип
жаттығулар типтерінде де, олардың қиындық дəрежесінде де
бірсарындылықты жоюды талап етеді.
Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету
тəсілімен қатар жүргізілуі қажет, яғни мұның мəні мынада: күнделікті
қиын есептерден соң жеңілдеу есептер (бастапқыларына қарағанда
күрделірек болса да) шығару.
Осыған қосымша белгілі бір жаттанды жолмен шешуді қажет
етпейтін (стандартты емес) есептерді (көп еңбектенуді де қажет
етпейтін) сабақта да, үйде де шығару. Ал осы есептерді оқушылардың
шығара алмайтыны алдын ала белгілі болса да, беруге болады
(барлығын шығару қажет). Қиындықты жеңуге тырысу белсенді іс-
əрекетті туғызады.
Оқушыларға күніне қанша есеп шығарам десе де, ерік беріледі.
ォҮйге тапсырмаサ сөзі ォмынадай есептер шығаруды ұсынамызサ
сөзімен алмастырылады. Бақылау жұмысы тақырып бойынша емес,
оқылған тұтас курс бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет