Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет116/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік
бар.
Екінші режим – Offi ce режимі. Бұл режим сабаққа қажетті
дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы.
Сабаққа дайындық жұмыстары Word мəтіндік редакторының, Excel
электрондық кестесінің құжаттары, Power Point презентациясы
болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі
мəтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат əзірлеуге болады. Осы
құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын
немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тап-
сырмаларды сурет салу панелінің төртбұрышобъектілерімен жа-
сырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның
Offi ce режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Offi ce-нің барлық
мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған
құжатқа мəтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен
емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім
оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға
шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра
алады (тік төртбұрышобъектісін жылжыту немесе жою арқылы)
жəне дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды
пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.
Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет,
сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған
компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft
Offi ce құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік
редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен
құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдас-
тыруға мүмкіншілік береді.
Прожектор жəне Шторка құралдары экранның белгілі бір
кішігірім аумағын көрсетуге арналған.
Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға
арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан
болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға
арналған.
Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп
шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға əзір белгісіз ақпаратты)
жəне материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет
бөлігінде көрсету.
Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру, білім беруді
ақпараттандырудеген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп
кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?
Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми-техникалық
прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің
нəтижесі, яғни адам өміріне іс-əрекеттің интеллектуалды түрлерінің
жан-жақты əсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты
объективті үдеріс.
Ол оқыту мазмұны, əдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін
тездетеді. Бұл үдерістегі негізгі мəселе білім берудің мазмұны мен
мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан
қамтамасыз ету – өндірістік мəселе.
250 251
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі
алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға
бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мəселе
білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат
оқушының қоршаған əлем жайында табиғи ғылыми болжамын
қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып
саналады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пəнінің терең білгірі болуы
емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық,
саяси экономикалық білімділік жəне ақпараттық сауаттылық талап
етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны
құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тəрбие ісіне еніп,
оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын шебер
меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға
ретінде ұлағатты саналады.
Компьютермен оқыту – оқушыны субъект дəрежесіне көтеретін,
жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен
білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатын білім беру əрекеті.
Компьютермен оқыту технологиясындағы мұғалімнің оқыту
қызметін, негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:
- талдау-болжау қызметі;
- жобалау қызметі;
- коммуникативтік қызметі;
- дидактикалық қызметі;
- бақылауүзету қызметі;
- психологиялық демеу болу қызметі; ұйымдастырушылық
қызметі.
Компьютермен оқыту технологиясында оқушының өз бетімен
білім іздей алатын болуы – көзделетін негізгі нысан ретінде
қойылады. Компьютермен оқыту барысында білім алудың жасанды
сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.
Сол табиғилықтың өзі компьютермен оқытудың гуманистік
сипатын көрсетеді.
Компьютермен оқыту технологиясында үлкен үш кезең
анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді.
Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі
жолдарына баға бере отырып, Жас балаларға компьютердің қанша
қажеті бар? – деген сұрақты айналып өту еш мүмкін емес.
Осы мəселе бойынша пікірлер алуан түрлі. Бірқатар педагогтар
бастауыш сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын
басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты
пайдалану бара-бара оқушылардың, егер компьютер қастарында
болмаса, екі санды қоса алмайтын, қарапайым мəтінді оқи алмайтын
жағдайға жеткізеді деген негізді бір қауіп білдіреді.
Компьютер мектептегі лингафон кабинеттері немесе сыныптағы
теледидар сияқты дүниелер, сондықтан да білім беру мен оқу
үдерісіне айтарлықтай зияны жоқ деген пікірлер де бар.
Компьютерлерді мектептің оқыту мазмұнына енгізуге қарсы
салмақты аргументтің бірі – ақпараттық технологияның екпіндеп
дамуы мектеп бағдарламасының үнемі жаңартылып отырғанына
қарамастан оның созылмалы аурудай артта қалуына əкеп соқтырады
деп санайды.
Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да назар аударған жөн:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет