Білім беру саласын ақпараттандыру, оның ішінде бастауыштың оқытуүдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды тиімді пайдалану оқу сапасын жоғары деңгейге көтеруге, оқушылардың терең, мазмұнды білім алуларына, мұғалімдердің кəсіптік іс- əрекеттерін дамыта отырып, оқыту үдерісінқызықты жəне тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайтындығы айқындалды. Осыған орай, мектептегі дəстүрлі сабақтарданөзге, жаңаша сабақтарұйымдастыру қажеттілігі жəне мұғалімніңқызметі мен рөліөзгеретіндігі байқалады. Сондықтан заман ағымынақарай күнделікті сабақта компьютерлік технологияларды қолдану айтарлықтай нəтижелер беретіндігі айқындалды. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мəселесіне байланысты шетелдік, ресейлік, қазақстандықғалымдар жан-жақты еңбек етуде жəне осы мəселе бойынша ғалымдардың бірнеше құнды еңбектері бар. Мектеп жасындағы оқушылардың дамуы үшінкомпьютерді қолдану туралы бұрыннан белгілі Массачусет технологиялық институтында (АҚШ) С. Пейперттің жұмысы болып саналады. Оның басшылығымен 1968 жылдан Ж. Пиаженің теориялық концепциясы негізінде мектеп жасындағы жəне мектепке дейінгі балалардың интеллектуалдыққабілетін дамыту бойынша зерттеу жүргізілді. Жұмыс негізіне екі идея алынды: 1) интеллектуалдық дамудағы маңыздыөзгеріс мəдениеттілікті өзгерту арқылығана жүзеге асыуы мүмкін; 2) мəдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін сенімді жол - компьютердің жедел қарқынменқолданылуы. Осы зерттеулердің нəтижесінің бірі – балалар үшінォЛОГОサ бағдарламасын түзу болды. Қазір бүкіл əлемде бұл бағдарлама педагогикалық тəжірибеде кеңінен қолданыс тауып, біздің елімізде де барған сайын кең таралып отыр. Бізге белгілі, басқа да эксперименттік зерттеулер 1980 жылы адам ресурстары жөніндегіғылыми-зерттеу ұйымы мен Монтгомери (АҚШ, Мэриленд штаты) округының мұғалімдері мен əкімшілігі бірлесіп жүргізген жұмыс. Оған 165 бастауыш, толық емес орта жəне толық орта мектептің оқушыларықатысқан. Эксперимент үдерісі кезінде мына мəселелер қарастырылды: біріншіден, əр түрлі тапсырмалар қай сыныптарда табыспен жүруі мүмкіндігін анықтау, екіншіден, олардыңқол жеткізген табыстарын компьютермен жұмыс істеуі шектеулі, информатика мен есептеуіш техникадан əзірлігі өте төмен оқушылармен бағалау міндетін іске асыру. Осы зерттеулердің нəтижелері кейіннен АҚШ-тың басқа штаттарында қайталанып, жүргізілді. Ресейлік ғалымдардың білім беру жүйесін ақпараттандыру мəселесі бойынша зерттеу еңбектеріне тоқталайық. ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде, білім беру жүйесін ақпараттандыру кең көлемде жүзеге асуда. Мысалы, ақпараттық- қатынастықтехнологияның негізін салушылардың бірі И. В. Роберт. Оның еңбектері ақпараттық-қатынастық технологияны бастауыш мектептің бастауыш сыныптарында қолданудың көптеген мəселелеріне байланысты. Ол еңбектерді талдай отырып, біз компьютерлік технологияны бастауыш сынып оқушыларын математикалық есептерді шығаруғаүйретуде компьютерлік технологияның ететін əсері зор екенін анықтадық. Екінші бір ресейлік ғалым И. Е. Вострокнутовтың еңбектері оқыту барысында компьютерлік технологияны қолданудың педагогикалық принциптерін жəне ол технологияны оқушыларды жекелеп оқыту барысында қолданғандақойылатын талаптарды анықтаған. Бүгінгі күні республика көлемінде де ақпараттандыру мəселесімен айналысып жатқан бірқатарғалымдардыңғылыми мектептері бар. Олар: - профессор Б. Б. Баймұхановтың еңбектерінде оқытуүдерісінде компьютерлік технологияларды енгізу мəселелері қарастырылды, осының негізінде оқытуүдерісінде əртүрлі бағдарламалық құралдардықолданудың əдістемесі жасалған (Б. Д. Сыдықов, Р. С. Шуақбаева, Р. Б. Бекмолдаева__________, А. Ө. Байдыбекова жəне т.б.); - профессор Е. Ы. Бидайбековтың еңбектерінде студенттерді ақпараттық технология құралдарынқолдануға əдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пəнін оқыту жəне информатик мамандарды дайындау мəселелерімен айналысқан (Ж. Қ. Нұрбекова, Г. Ж. Ниязова, Ш. Шекербекова, А. Ибашова, Э. А. Абдукаримова жəне т.б.); - профессор Ж. А. Қараевтың еңбектерінде ақпараттық-қа- тынастық технологияны жалпы орта мектептің оқуүдерісінде пайдалану, орта жəне жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту мəселелері қарастырылған (М. Б. Есбосынов, Ж. С. Сардарова, С. Т. Мұхамбетжанова, Б. Т. Абықанова жəне т.б.); - профессор Г.Қ.Нұрғалиеваның еңбектерінде білім беруді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды 256 257 дайындаудың педагогикалық негіздері мен түрлі оқыту мақсатын- дағы бағдарламалыққұралдарды жасау мəселелері қарастырылған. Білімді ақпараттандырудың педагогикалық тұжырымдамасын Д. М. Жүсіпалиева, Ш. Т. Абишева, Ш. Х. Құрманалина, Г. Б. Ахметова, А. С. Қадырова, А. І. Тəжіғұлова жəне т.б. өз еңбектерінде анықтады. Б. Баймұханов, Б. Д. СыдықовөздерініңォКомпьютерлік оқу əдістемелік кешенді құрудың негізгі дидактикалық принциптеріサ деп аталатын еңбектерінде былай дейді: заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім берудегі дараландыру проблемаларын шешуде жаңа мүмкіндіктер ашады. Н. Е. Исабек зерттеу жұмысында студенттерді компьютерлік графиканы кəсіби іс-əрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесін жасау жəне оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындаған. Осы ғылыми еңбектердің ішінде орта мектептерде компьютерлік технологияны қолдану жəне электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы білім сапасын, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мəселелеріне байланысты бірқатар еңбектерге тоқталайық. Ж. Қараевтың пікірінше, орта мектептерде оқытуүдерісінде компьютерді пайдаланғанда түрлі-түсті реңдегікестелерді, диаграммаларды, қозғалыстағы денелерді сипаттауға, үдерісті имитациялауға, тіпті оның ағымын математикалық модельдеу арқылы дəл əрі көрнекі сипаттауға болады. Демек, компьютерді пайдаланып, оқытудың мазмұнын анықтауға, дəстүрлі техникалық құралдардың шамасы келе бермейтін кейбір нəтижелерге жетуге болады. Э. А. Абдыкаримова ォКомпьютерлік __________модельдеудің негізінде мектеп физикасын оқытудың əдістемесіサ атты кандидаттық