беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мəтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM жəне Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалімқосымшаны іске қосу, CDROM, Web-түйін мазмұнынқарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу жəне т.б. əрекеттерді жеңіл орындай алады. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мəселелерді шешуге көмектеседі: - Пəн бойынша базалық білімді меңгеру; - Алған білімді жүйелеу; - Өзін-өзі бақылау дағдыларынқалыптастыру; - Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; - Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде əдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау жəне оқушылардың ақпаратты меңгеруінұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетінқабылдау мүмкіндіктеріменқамтамасыз ететін əдіс деп қарауға болады. Бастауыш сынып оқушыларының көпшілігі естігенінің 5 % жəне көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио- жəне видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушыларүшін танымдылығы жағынанқызықты əрі жаңашаөтуіүшінөзінің бағалы уақытынқажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мəселелік- бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімгеォ мұғалім – оқушыサ жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді жəне қайталауды жаңашаұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды болуы тиіс. Себебі, əрбір пəн мұғалімдеріүшін компьютерді оқытуүдерісінде пайдалану əр түрлі сипатқа ие. Ғылымғасырының табалдырығынан аттағалы тұрғанқазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығынқалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шаралардыңқолданудың маңызының зор екені байқалады. Оларға: - бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейін, ынтасын жəне қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытудыұйымдастыру жəне оқытуүдерісіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану; - оқытудың жаңа əдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-əрекетін компьютерлік ойындар жəне т.б.) сабақта жиі қолдану; - проблемалық зерттеу, аналитикалық жəне модельдеу əдістерін қолдану арқылы классикалық əдістерді жетілдіру; - жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта жəне мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқуүдерісінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру. Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мəтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдыңқұрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушыбатырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты жəне объектілерді көрсете алады жəне өзгертеді. Сабақтың соңындақолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайдақайталапқолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал-саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оғанқалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді жəне бақылап отырады. 248 249 Мұғалім алдыңғы сабақтаөтілген материалды ашып, өткен сабақтықайталай алады. Мұндай əдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс-əрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққақатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпараттыөңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мəтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсыөтуін жəне барлық ақпарат түрлерінқолданудықамтамасыз етеді. Сонымен, ォАктивті экранサ кешенін қолдану арқылы оқытуүдерісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді. Сабақта уақыттыүнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаныңүш режимінде де жұмыс жасауға болады. Ақ тақта режимі – еңқарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай жəне тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түстіқаламдықолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұлқасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан жəне т.б. пəндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады жəне сабақ