Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


керек. Белгіленген ережелерді ойын



бет113/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151
керек. Белгіленген ережелерді ойынға қатысушылардың барлығы
қатаң орындауы тиіс. Шамамен төмендегідей ережелерді ұсынуға
болады:
- жылдам жəне шуылдамай бірнеше топ құрыңдар;
- қажетті материалдарды дайындаңдар;
- ақырын сөйлеңдер;
- жолдастарыңның айтқанын мұқият тыңдаңдар;
- өз тапсырмаларыңды көңіл қойып орындаңдар.
Балалар алдарына қойған нақты міндеттерден басқа сабақтың
мақсатын да білуі керек. Балаларға көбірек тапсырма беру олардың
жұмыстағы қарқынын өзгертуге көмектеседі. Тапсырманы бөлген
кезде əр оқушыға оның орындалу уақытын көрсету қажет. Жұмыс
соңында міндетті түрде балалардың жұмыстарын талдау қажет.
Жоғарғы жетістіктерге жету үшін ережелерді оқып, топта жұмыс
істеу дағдысын қалыптастырып, жауапкершілікке үйреніп, топтық
оқыту мен тапсырмалардың өзара сəйкестігіне назар аудару қажет.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Ұжымдық жəне топтық оқыту технологияларының қазіргі
кездегі жағдайын анықтаңыз.
2. Ұжымдық оқыту мен топтық оқытуды сын тұрғысынан
оқыту технологиясымен салыстырып, талдаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Дъяченко В. К. Сотрудничество в обучении. Просвещение,
1991.
2. Коллективная __________учебно-познавательная деятельность
школьников // Под.ред. И. Б. Первина. М.: Педагогика, 1985.
3. Лиймитес Х. И. Групповая работа на уроке. М.: Просвещение,
1975.
4. Миртов А. В. Сочинение в школе. Уроки коллективного
творчества // Литература в школе. – 2006.
5. Поливанов Н. И., Ривина И. В. Принципы и формы
организации совместной учебной деятельности // Психологическая
наука и образование. – 1996.
6. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образование,
2001.
7. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. Алматы, 2005.
8. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
9. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту
құралдары. – Алматы, 2007.
10. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
11. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А.П.Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им.
К. Д. Ушинского, 2002.
12. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
13. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990.
12.7. Компьютерлік оқыту технологиясы
Елбасы атап көрсеткендей Қазіргі заманда жастарға
ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай
мүдделі жаңа білім беру өтеөте қажетサ – жас ұрпаққа білім беру
жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен
тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру үдерісі бастауыш сынып
мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану
саласына үлкен талап қояды.
Бəсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз қазіргі
заманғы педагогикалық технологияға, жаңа өркениетті дамуға
байланысты басқа өркениетті елдердің көптен бері пайдаланып келе
242 243
жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл – біздің
Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады.
Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол.
Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне
еркін бойлай алады.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық
есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті
құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік
оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық əдістемелік
материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану
арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек
ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі талантты,
шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық,
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерісі əлемдік
бəсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ə. Назарбаев Қазақстанның
əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
атты жолдауында Білім беру реформасы – Қазақстанның бəсекеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдарының бірідеп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық
мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби
мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір.
Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-
тəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын
жоғарылатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр
ақпараттандыру __________ғасырыдеп аталады. Қазақстан Республикасы
да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда
педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің
біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын
меңгеру үшін жағдайлар жасау керек, – деп көрсетілген. Солардың
бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық
жəне оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез
келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту
құралдары барлық пəндерді оқытуға пайдаланылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық
білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін
дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық
қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы – əлемнің
жүйелікқпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық
қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет