Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет124/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

іріктеу жəне құрылымын жасау;
3) оқу (учение) нəтижесін бағалаудың критерийлерін дайындау;
4) өзін-өзі тексеруге арналған тексеру тапсырмаларын дайындау.
Модульдік оқыту кейбір философиялық, əлеуметтік,
психологиялық __________жəне педагогикалық теориялар мен тұжырымдарға
негізделеді. Оларға ізгілендіру, оқуда, іс-əрекетте жетістіктерге
міндетті түрде қол жеткізу, жеке тұлғаға бағдарлай оқыту идеялары
тəн. Сондай-ақ модульдік оқыту оқу үдерісін ұйымдастырудағы
құрылымдық нақтылығымен жəне жоспарланғандығымен
ерекшеленеді.
Оқу үдерісінде, бір жағынан, оқу мазмұнын жалпыға ортақ
көлемде ұсыну, барлық оқушыға бірдей əдіс-тəсілдер, құралдар
қолдану, уақытты шектеу мəселелері мен екінші жағынан, білім
мазмұнын меңгерудің жеке тəсілдері, оқушылардың əрқайсысының
жеке мүмкіндіктері, қарқындары арасында қарама-қайшылық
туатыны белгілі. Модульдік оқыту кезінде бұл қайшылықтарға жол
берілмейді, дəстүрлі емес оқытупринциптеріне негізделген оқыту
мазмұнын таңдау үшін қолайлы жағдай туғызады, əрбір оқушы өзіне
оқу бағдарламасын таңдай алады.
Модульдік оқытуда басты назар оқушының іс-əрекетіне
бағытталады. Модульдердегі оқу материалдарын қандай да бір
деңгейде прагматикалық деп айтуға болады. Оқу материалының
прагматикалығы оның оқушыны ойлауға, оқуға, нұсқаларды таңдай
жəне оларды талдай білу қабілетіне бағытталуынан көрінеді.
Модульдік оқыту теориясы оқу үдерісін оған қатысушы екі жақ-
тың əрқайсысы өзіне тиісті функцияларды атқаратын, яғни мұғалім
басқарушы, оқушыөзін-өзі басқарушы болып табылатын оқушы
мен педагогтың мақсатты белсенді əрекет ретінде қарастырады.
Модуль нақты дидактикалық мақсаттарға қол жеткізуге, оқу
материалын игеруге байланысты оқушының өзіндік танымдық іс-
əрекетін қалыптастыруға бағытталған. Оқыту үдерісінің бірлігі
ретінде модуль мынадай функцияларға ие: мақсат қою, ақпарат көзі,
дамыту жəне басқару. Осы функцияларға сəйкес əрбір модульдің
мазмұны бір-бірімен өзара байланысты төрт блоктан тұрады. Бұл
төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте
Модуль функцияларының блоктармен сəйкестігі
Модуль функциялары Модуль блоктары
1 Мақсат қою Дидактикалык мақсаттар
қушыларға арналған
əрекеттің мақсатты
бағдарламасына айналады)
272 273
2 Ақпарат көзі Берілген оқу материалдарын
меңгерудің мүмкін жолдары
мен тəсілдері туралы ақпарат
қытудың жоспарланған
нəтижесіне қол жеткізуге
көмектеседі)
3 Дамыту Оқу материалдары (оқу
элементтеріне құрылған)
4 Басқару Тексеру жəне өзін-өзі тексеру
Сонымен, дидактикалық мақсаттар блогы мақсат кою функция-
сын атқарады, оқушыларға оқудың жақын көкжиектерін ғана емес,
алыстағы, болашақта, өз бетімен өмір сүру табалдырығын аттағанда
қол жеткізуі тиіс жетістіктерін сезіне білуге көмектеседі. Модульдік
оқытудың мақсаттары оқушыларға танымдық іс-əрекет барысында
қандай нəтиже күтіп тұрғанын көрсетуі тиіс. Мұндай жағдай
оқушылардың оқу үдерісіндегі оң мотивациясын қалыптастырады,
өзіндік əрекетін дамытады, белсенділігін қамтамасыз етеді. Оқушы
өзінің дамуының болашағын көзімен көріп, оң нəтижелерге қол
жеткізудің жолдары мен тəсілдерін түсінгенде, ол оқу үдерісінің тең
құқылы қатысушысы бола алады.
Модульдік оқыту өзінің көпжылдық өмір сүрген тарихында
айтарлықтай өзгерістерді бастан кешті. Оны қолданудың мақсаттары
ғана өзгеріссіз қалды, олар: оқыту үдерісін жеке оқушыға бағыттау,
оқу іс-əрекетін белсендіру, оқушылардың өзіндік əрекетін жəне
мотивациясын арттыру.
1967 жылы америкалық педагогикалық зерттеулер институ-
ты орта білім беретін мектептерге арналған оқу пакеттерін дайын-
дауды қолға алды. Модульдік оқытудың негізін салушылардың бірі
Дж. Д. Расселдің пайымдауынша, модуль оқу материалдарының
тұжырымдық бір бірлігін қамтитын оқу пакеті болып табылады. Бұл
пакеттің құрамына мыналар кірді:
- қоршаған орта (заттар, құбылыстар, үдерістер, құрылымдар
мен сапалар əлемі) туралы түсініктердің тізбесі;
- оқыту мақсаттарының тізімі, осы мақсаттарға жетуге байла-
нысты міндеттердің сипаттамасы;
- біздің жұмыс дəптерлерімізге ұқсас, жеке бөліктерге
модульдерге бөлінген, жеке сабақтар өткізуге арналған оқу
құралдары: мұндай модульдер білімі, меңгеру қарқыны мен
қабілеттері əр түрлі оқушыларға арналған қиындығына қарай
бірнеше деңгейлі оқу материалдарын қамтиды;
- əрбір оқушының оқуының тиімділігін тексеруге байланысты
жеке жұмысты немесе шағын топтағы жұмысты ұйымдастыру тура-
лы мұғалімдерге арналған əдістемелік нұсқаулар;
- оқушының өз жұмысының сапасын бағалауына арналған
ұсыныстар.
Оқу пакеттерін оқушылар өзінің жеке темпі жəне меңгеру
мүмкіндігіне қарай орындайды.
Кеңес педагогикасында модульдік оқыту XX ғасырдың соңғы
онжылдығында оқыту технологияларының өріс алуына байланысты
дамыды. Көптеген зерттеушілер (В. П. Беспалько, О. В. Долженко,
В. Л. Шатуновский, П. А. Юцявичене, т.б.) оқыту технологияларын
құрылымдық-мазмұндық жағынан алдын ала жоспарланған оқу-
танымдық үдерістің тəжірибеде жүйелі жəне бірізді түрде жүзеге
асуы ретінде қарастырады. Олардың ойынша, модульдік оқытуға
осы анықтама анағұрлым сай келеді.
П. А. Юцявичене модульдік оқытудың мəні оқудың субъектісі,
негізінен, модуль түрінде ұсынылған оқу материалдарымен өздігінен
жұмыс істейтіндігінде деп көрсетеді. Жеке алынған модуль əрекеттің
мақсатты бағдарламасын, ақпарат банкін жəне оқушылардың алдына
қойылған мақсаттарға жетудің əдістемелік нұсқауын қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет