Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет120/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың
өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-
телекоммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқуғарту саласының
оқыту үдерісіне қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық
əдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде
қолдануды қажет етеді.
Мектептердің білім деңгейін көтеру жəне онда интерактивті
құралдарды пайдалану арқылы оқу-тəрбие үдерісін тиісті
деңгейге көтеру, мектеп мұғалімдерінің, басшыларының,
педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп
есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте
жаратылыстану бағытының пəндерін оқыту сапасын арттырып,
білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте
қажетдеп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру
жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісінде оңтайландыру
мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Компьютер жəне интерактивті құралдар арқылы жасалып
260 261
жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін
қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды
табуға итеріп, нəтижесінде өздерінің кəсіби потенциалдарының
қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам
аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын
жəне компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан
тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға
болады.
Бастауыш сынып оқушыларының интерактивті құралдар
көмегімен қалыптасатын жəне жүзеге асырылатын ойлау қабілеті
бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше
болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте
сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге
болады:
1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы
түрліүсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен əр түрлі қосымшалары бар
жұмысты түсіндіру қиын əрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге
болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкін-
дігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы
бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң əсер етеді.
Оқу үдерісінде, оның ішінде практикалық сабақтарда
интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тəжірибесіне,
шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар
оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дəстүрлі оқыту
əдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды.
Бұл оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттырады.
Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану
оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
Компьютерлік технологияларды қолданып бастауыш мектеп
оқушыларын математика есептерін шығаруға үйрету болғандықтан,
енді Қазақстанда бастауыш мектепте компьютерлік технологияны
қолдану мəселесіне байланысты айналысқан Ж. Ы. Сардарова,
А. Ө. Байдыбекова, А. Б. Медешовалардың еңбектеріне тоқталайық.
Ж. Ы. Сардарова Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш
мектепті ақпараттандырудың теориясы мен практикасы
тақырыбындағы докторлық диссертациясында егер білім беруді
жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың
теориялық-əдіснамалық негіздері айқындалып, оны тиімді түрде
жүзеге асыру жолдары анықталса жəне ақпараттық сауаттылық
қалыптастыру тұжырымдамасы жасалып, моделі құрылса, онда
бастауыш сыныптан бастап қазіргі ақпараттық құралдарды өз
қажетіне еркін қолдана алатын, ақпараттық сауаттылықтары
қаланған жеке тұлға тəрбиелеуге мүмкіндік артады. Ал ол өз
кезегінде, бүгінгі толассыз ақпарат ғасырында өз бетімен кез
келген жағдаятта ұтымды шешім қабылдап, əрекеттенетін іскер де
шығармашыл болуға баулиды.
А. Ө. Байдыбекова Бастауыш сынып математикасын оқытуда
компьютерді пайдалануатты диссертациялық жұмысының
мақсаты – бастауыш мектептің математика пəндерін оқыту
үдерісін жетілдірудегі дербес компьютердің мүмкіндіктерін ашу
жəне компьютерлік құралды пайдалану арқылы төменгі сынып
оқушыларының оқу іс-əрекеттерін қалыптастырып, одан əрі
дамытуға арналған.
А. Б. Медешова Бастауыш сынып оқушыларының
оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытудың
педагогикалық шарттарыатты диссертациялық жұмысында егер
бастауыш сынып мұғалімдері оқытудың ақпараттық технологиясын
қолдану əдістемесімен қаруланып, оны нəтижеге бағдарланған білім
беру үдерісіне пайдаланса, онда бастауыш сынып оқушыларының
оқу икемділігінің дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені
ақпараттық технологияны қолдану бастауыш білім мазмұнын тиімді
меңгеруге ықпал ететінін дəлелдеген.
Ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, білім сапасын
көтеруде бастауыш сатының алатын орны ерекше екендігі белгілі.
Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін
қалыптастыру мəселесі əлі де болса жеткілікті дəрежеде ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан зерттелмегені айқындалып, біріншіден,
бастауыш сатыдағы білім беру үдерісі дəстүрлі əдіс арқылы
262 263
ұйымдастырумен шектеліп қалуда, ал дəстүрлі білім беру ұсынылып
отырған білім мазмұнын толық меңгеруге кепілдік бермейтінін
жəне оған сəйкес бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігі
нашар дамитынын қазіргі бастауыш мектеп тəжірибиесі көрсетіп
отыр. Екіншіден, оқушылардың оқу икемділігін дамыту олардың
оқу іс-əрекетінің ұйымдастырылуына, ол білім мазмұнының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет