Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет121/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

берілуіне тəуелді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының
компьютермен жұмыс жасауға қызығушылықтары байқалады, бұған
бастауыш білім мазмұнында көңіл бөлінбегендіктен икемділіктің
қалыптасуы төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан бастауыш
сынып оқушыларының сапалы білім алуы үшін ақпараттық
технологияны қолдану əдістемесін жасау талап етіледі жəне мұны
бүгіннің өзінде жасау қажет екендігін анықтаған.
Көптеген жаңашыл ғалымдардың зерттеулерінде бастауыш
сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың жаңа
бағыттарының бірі – білім мазмұнын оқушының толық меңгеруін
іске асыратын оқыту технологиясын жетілдіру мəселелері
айқындалады.
Ақпараттық технологияны пайдалану негізінде бастауыш
сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың тиімділігі оған
қажетті мазмұндық жобалау, іс-əрекеттік, технологиялық шарттарды
орындағанда ғана мүмкін болатындығын көрсеткен. Бастауыш
сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың құрылымдық
моделі жасалған.
Бұл зерттеулер компьютерлік технологияны қолданып
оқытудың көрнектілігін арттыруға, математикалық ұғымдарды
қалыптастырғанда олардың дерексіздендіруден (абстрактілігінен)
туындайтын қиыншылықтарды болдырмауға, оқушылардың,
оқу əрекеттерін даярлау арқылы олардың белсенділігін арттыру
мəселелеріне қатысты проблемаларды шешуге жағдай жасайды.
Ақпараттық технологияларды пайдалану, сондай-ақ компьютерлік
технологияларды жасау мен қолдануды қажет етеді. Ол бағдарламада
дəстүрлі оқытудан ерекше педагогикалық-үйретушіліктің логикасы
жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптарда математика сабағында
компьютерлік оқыту бағдарламалары оқушылардың математикалық
үдеріске сергек қатысуға, компьютердің көмегімен мəселенің
шешуін іздеуге ұмтылысын оятады.
Демек, бастауыш сынып оқушыларында математикалық
есептерді шығаруға қажетті біліктіліктерді қалыптастыруда
компьютерлік технологияны пайдаланудың маңызы зор десек
қателеспейміз.
Психологтардың пікірлерінше, оқушының негізгі логикалық
ойлау құрылымы, оның интеллектті 5 жастан 11 жас аралығында
қалыптасады екен. Осы жаста теориялық сана мен ойлау пайда
болып, тиісті қабілеттер (рефлексия, талдау, ойша жоспарлау)
дамып, осы жаста балаларда оқуға деген қажеттіліктің мотиві де
пайда болады.
Екінші жағынан балалардың іс-əрекетіндегі сүйікті форма –
ойын екені де белгілі. ССРО-дағы психология мектебінің негізін
салушы Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин жəне
басқалар ойынды жетекші деп бекер атамаған, яғни балалардың
психикалық дамуын анықтаушы қызмет деп бағалаған. Ойын
неғұрлым табиғи жолмен баланы əртүрлі əрекет түріне
жақындастырады жəне осы кезде қажетті де пайдалы дағдылар мен
біліктіліктерді қалыптастырады.
Тəжірибе көрсеткендей, компьютерлерді балалардың ойындық
дамытушы əрекетінде 3-4 жастан бастап пайдалану мүмкін екенін
жəне компьютер ойын элементтерінің түрін едəуір арттырып
өзгертуге, олардың ойынға кіру əдісін түрлендіруге ықпал етеді.
Əрекеттің жаңа түрлерін игеру заңдылығын көрсететін өзгеріс-
тер ең алдымен баланың танымдық санасында байқалады. Компью-
тер психикалық үдерістің дамуының бірқалыпты емес динамикасын
(қабылдау, образдық, қимылдық, логикалық ойлану) теңестіруге
мүмкіндік береді. Екінші жағынан компьютер бала үшін танымның
күрделі объектісі болып, оны меңгеру баланың іс-əрекетін
ұйымдастыруға, оның құрылымдылығына, яғни интеллектуалдық
құрылымның белгілі бір дəрежеде жетілуін талап етеді. Компьютер
оқу құралы ретінде потенциалдық мүмкіндіктерді іске асыруға
жағдай жасайды, мысалы, графикалық образдың бейформалылығы
немесе оны жүзеге асырудың стереотиптік жағдайы.
Бастауыш мектептердегі оқытудың сипаттық ерекшелігі – ең
алғашқы күннен бастап оқушылардың меңгеруге тиісті ақпарат
көлемінің күрт өсуі болып саналады. Бұл оқушылардың көпшілігінде
ақпаратты саралау мен есте сақтауда едəуір қиындықтар туғызады.
Өйткені, адаптация – жағдайға бейімделу барысы мүлдем баяу, ал
ақпараттарды толықтыру өте тез жүреді. Сондықтан да осы кезеңдегі
264 265
педагогиканың көкейкесті міндеті оқыту үдерісінің тиімділігін
арттыру, материалды меңгеру уақытын қысқарту. Оқушылар ақпарат
тасқынының салмағын қалыпты көтеруі үшін, оларды ақыл-ой
əрекетінің (заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау, обьект пен
түсінік арасындағы тəуелділікті табу, теңеу, жалпыны тауып, жекені
ажырату, логикалық тұжырым құру) əдіс-тəсілдеріне баулыған жөн.
Осы мəселелерді шешу үшін жаңа компьютерлік технология да
табыспен қолданылып келеді.
Мектеп информатикасының негізгі міндеті 1980 жылдар
соңындақ оның басты идеологы академик А. П. Ершовтың
еңбектерінде қарастырылған болатын. Бұл еңбектерде компьютерлік
сауаттылықтыңəрбір адам үшін өте қажет жəне олар өз
қызметтерінде компьютерді пайдалана білуі керек деп түсіндірілген
болатын.
Алайда, ақпараттық технологияның қаулап өсуі мен ақпараттық
қоғамның қалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің
республикамызда да ақпараттық мəдениетті қалыптастыру
талабы туындады, яғни оқушылардан заманауи компьютерлік
технологияларды меңгеруі ғана емес, өмірге жаңа көзқарасты,
жаңаша ойлау стилін қалыптастыруды талап етіп отыр.
Бірінші сынып үшін курстың мазмұны: пернетақтамен жəне
Тышқанманипуляторымен жұмыс істеуді үйрену, тура жəне
кері санаққа, сандар құрамына жəне қарапайым арифметикаға,
əріппен, буынмен, жəне сөзбен жұмыс істеуге жаттығу. Мұғалімнің
оқулығынан өзге, оқушы үшін Компьютер – сенің досыңатты
бояу кітапша да бар.
Екінші сынып үшін курстың мазмұны: алғаш рет жиын
ұғымымен, олардың заңдылықтарымен, жиындарды кластарға бөлу
сияқты ұғымдармен танысу. Оқушылардың есте сақтау қабілетін
жетілдіру үшін Санақшы, тапқыш, есте сақтағышатты жаттығулар
жинағы қарастырылған.
А. В. Горячев басшылығымен Мəскеу экономика-статистикалық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет