Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет141/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

бермес. Дегенмен əр бала жасаған еңбегінің нəтижесімен бөлісіп,
дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылауға
үйренеді.
Дəстүрлі оқыту əдістемесі негізінде метафизикалық (сандық,
мазмұндық) əдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде
диалектикалық (интенсивті, сапалық, мəнділік) əдіснамасы жатыр
деп айтуға болады. Дəстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға
қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю
керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи
қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын
принциптерге негізделген. Дəстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға,
ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана
білуге үйретеді.
Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің
салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық
үдерісттің
компоненттері
Мазмұнындағы басымдылық
Дəстүрлі
иллюстрациялық
түсіндірме əдісі
Дамыту оқыту
Мақсат Оқушыларда
білім, білік, дағды
қалыптастыру
Байқампаздығын,
ойлауын, практикалық
əрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн Факторлар, мысалдар,
тақырыптар, дəлелдер
Заңдылықтарды,
теорияларды,
ұғымдарды,
ережелерді қорыту
Оқытудың
формалары
Жеке, топтық,
фронтальді
Бірлескен ұжымдық
іс-əрекет
Оқыту əдістері Ауызша түсіндіру,
көрнекілік,
практикалық
Проблемалық
баяндау, ізденушілік,
зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау Оқытудың нəтижесін
мұғалімнің бақылауы,
бағалауы
Өзін-өзі бақылау, өзін-
өзі бағалау, рефлекция
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің
маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді,
оған оқушы өз оқу əрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы
ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға
салып, мəселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы
322 323
мəселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы
сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда
болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы
мəселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады.
Əр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады.
Жақсы оқушы, Жаман оқушыұғымының болмауы, балаларды
танымдық əрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал
ол өзінің əрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту əдістері
оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мəселелерді,
қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нəтижелі болуы оқушы
мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында
ғана өз жемісін береді. Сол себепті дəстүрлі жүйедегі əміршілдік
стиль бұл жерде тиімсіз, оқушыорындаушы, мұғалімнің
тасасындағыобъект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дəлелдей,
дəйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап,
көзқарасын құрметтей білуге үйренеді.
Бүгінгі таңда мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқытуда
негізінен Дамыта оқытутехнологиясы басшылыққа алынады.
Себебі қазіргі оқулықтар Дамыта оқытутехнологиясына негізделе
жазылған.
Сондықтан əрбір бастауыш сынып мұғалімі Дамыта оқыту
технологиясындағы сабақтың құрылымын, əдіснамалық негіздерін
толық меңгеріп, өз іс-тəжірибесінде шығармашылықпен қолдана
білуі тиіс.
Бағдарлау – мотивациялық кезең.
Бұл кезең – оқу міндеттерін (ОМ) қою кезеңі. Дəстүрлі
педагогикалық үй тапсырамасын тексеру барысының орнына
алынған бұл кезең іштей екі құрылымға бөлінеді.
Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу. Оқушыларды
жаңадан түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып
бару үшін өткен сабақтың материалымен тығыз байланыстыра
отырып жаңа тақырыпты игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы
өзектендіріледі.
Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін
мұғалім алдын ала оқушылардың есіне түсіретін, толықтыратын,
бірдей мəреге жеткізетін тетік сұрақтар мен тапсырмалар даярлайды.
Оқу міндеттерін (ОМ) айқындау.
Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле кұралған сұрақтар
легі арқылы мұғалім оқушылардың өздеріне ОМ анықтауға
басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа
қарай бет бұруына жағдай жасайды-дағы, жаңа тақырыпты танып-
білу мотивациясын қалайды.
Негізінде осы екі құрылым арқылы I кезеңде 7-8 тапсырма
орындалады. Соның ең соңғысында оқушыға сұрақ қойылады
немесе тəжірибе көрсетіледі. Оқушы неге таң қалады?
Өйткені оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес,
Шындығында, бұл сұрақ өткеннен туындап тұрады. Ал мұғалім
өткен мен əлі өтілген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ
қою арқылы оқушылар үшін проблемалық жағдаят туғызады.
Проблемалық жағдаяттар туғызу – сабақтың ең күрделі де
маңызды бөлшегі болып табылатындықтан, бұл сəттің айқын өтілуіне
үлкен мəн бере қарау керек. Өйткені басты тетік осы проблемалық
жағдай туғызуда жатыр. Жаңа тақырыптың сəтті меңгертілуі осы
түйінделген проблемалық, жағдаяттың қалай жəне қандай мазмұнда
жасалғандығына тікелей байланысты.
Мұғалімге біз бұл сəтті былайша түсіндірер едік. Оқушылардың
білетін біліміне сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен тапсырмалар
арқылы біртіндеп тереңдей берген проблемалық жағдаят туғызу
сəтін мұғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет