Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет139/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

негізгісі – дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни
дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес,
дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру.
В. С. Лазаревтің ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір
сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін əбден жаңа типті мектеп
қажет, сондықтан педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды
да арнайы даярлау қажет.
Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді
Ю. В. Громыков қолдайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда
ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар.
А. Б. Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне
енген мұғалім тұлғасы да өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті,
белсенділігі, жауапкершілігі жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда
ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер-
жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мəскеу, Санкт-
Петербург, Харьков, т.б. қалаларында Давыдов пен Элькониннің,
Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тəрбие үдерісінде
қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде, əсіресе, қазақ мектебінде бұл
игі іс айтарлықтай əлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде
уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру,
үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының
нəтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін
осылай істе деген ұстаным бойынша танымал жəне тəжірибелік
316 317
міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен
интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім
берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені
жасырын емес.
Дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойланып
қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауды
үйренуге машықтандырады, теориялық мəселелерді практикада
қолдана білуге баулиды, шығармашылық ізденіс əдістерін игеруге
көмектеседі.
Əлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л. С. Выготский-
дің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин
жəне Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің
идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика
факультеттерінде оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын
табуда. Бірақ жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген
қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған əдістемеліктер мен
технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген
мектепте əр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба
алмай жүр.
Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыта оқытудың мақсаты
ма, əлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік
берілмеген жəне тұлға дамытудың өзіне тəн түрліүрлі көзқарастары
бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері жəне
көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тəлім-тəрбие беру
үдерісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.
Бірақ тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы
бойынша, əр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан əсер етер
күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады.
Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар.
Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік
қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен
мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып
табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру
үдерісін ұйымдастырудың түрлі əдістері мен амалдарын анықтап,
жүзеге асыру қажет.
Бұдан шығар түйін, дамыта оқытубілім беру мекемесінің əрбір
сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте жəне мектептен тыс
іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар болашаққа болжаған
оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына
жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның
қалыптасуына, біртұтастығына жəне бөлек бөліктеріне позитивті
өзгерістер енеді.
Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті, объекті) жан-жақты
дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т.б.) оқытуға
негізделеді.
15.3 Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей:
- оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді,
тəрбиелей алады;
- баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды
(іскерлігі, машығын дамыту емес);
Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім
ақпарат беруші емес керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық
жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мəселе, жағдаятты
шешу арқылы қалыптасады. Демек, мұғалім – оқушы іс-əрекетін
ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана.
Дамыта оқытудағы басты іс-əрекет – диалог, пікірлесу, пікірталас.
Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастыру-
шы, бағыт беруші балалардың іс-əрекеті, ынтымақтастығын бір
бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы.
Білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруде
шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын
қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу
іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім
сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде.
Шешім табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей
білуге үйретіледі. Əр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға
мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар барлық
жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, əр бала жасаған еңбегінің
нəтижесін бөлісіп, дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін
қорытындылауға үйренеді.
318 319
Осындай негізде құрылған іс-əрекеттер бір-бірімен тығыз
байланысты: Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат
қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үдерісі (əрекет,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет