Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет138/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

анықтама интеллектуалдық іс-əрекетті жоғары орынға шығарады.
Мəселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-
ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де
жоғары болады.
Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері
дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз
ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-əрекеттер атқара білу.
В. В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,
қорытындылай алу дағдысын есептейді. Тұтас алғанда барлық
авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың
психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды
жəне оның басты шарты ретінде əрекет алынады.
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият
тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мəліметті өз бетінше
оқып-танып, əр түрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды
бақылап жəне дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала
отырып, əр түрлі іс-əрекет жасайды. Мұндай оқу танымдық əрекет
репродуктивтік іс-əрекет деп аталады. Бұл іс-əрекет алдын ала
дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін
психология ғылыми жеткілікті дəрежеде дəлəлдеп берді деп айтуға
болады. Бұл мəселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың
рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол
дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үдеріс деген
көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының
төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің
көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің
көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады.
Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе
отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту-
дың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дəрежесі
ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызмет-
терін, ақыл-ой жұмысының тəсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік
беретін оқу үдерісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының
шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық əрекеттері
арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту
сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық
жүйе. Оның нəтижесінде əр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект
дəрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық
жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан
айырмашылығы көздеген мақсатында, мəнінде, мазмұнында,
дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын
қызметінде, əдіс-тəсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің
314 315
түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің əрекеттестік ерекшеліктерінде,
олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үдерісін
ұйымдастыру жəне ондағы коммуникациялар түрлерінде.
Дамыта оқытудеген термин психология ғылымының
қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже),
ойлаудың əртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский,
А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) жəне басқа да психиканың
функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская,
Н. А. Менчинская) жəне т.б. іс-əрекет теориясының психологиясын
жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты
талданды. Нəтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған
екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин,
В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика
ғылымдарының келелі мəселесіне айналды. Жүйенің авторлары
дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, əдіс-тəсілдері
баланың даму заңдылықтарына сəйкестендірілген оқытудыатайды.
Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда
болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып
жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге,
шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру,
басшылыққа алу, əрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту – дəстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін
балама жүйе деп қарастырылды. Оның нəтижесінде əр оқушы өзін-
өзі өзгертуші субъект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту
барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нəтиже берді.
15.2. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде əжептеуір қолданыс
тауып келеді. Қазіргі кезде Мəскеуде дамыта оқыту халықаралық
қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті –
академик В.П.Зинченко.
Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша
Мəскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс
атқаруда. Оның меңгерушісі – дамыта оқыту жүйесінің іргетасын
салушылардың бірі Эльконин Данил Борисовичтің ұлы, ізбасары
профессор Эльконин Борис Данилович.
Бұл ғылыми бастама 1959 жылдан бері ғалымдар назарында.
Содан бері түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Қазіргі кезеңдегі
ғалымдар пікірлеріне назар аударайық.
Академик В. П. Зинченко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл
аударар бағыты – теориялық ойластыру деп санайды жəне бұл құрғақ
дəмсіз білімдер болмау керек. Керісінше, ол қоршаған əлемнің
көрінісі болып, сана-сезіммен түбегейлі қабылданып, түпүбіріне
дейін дейін танып-білінуі тиіс.
Профессор Б. Д. Эльконин пікірі бойынша: дамыта оқыту
жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең
жəне көріп-білудің жаңа тəсілін игергендер көзге түседі, яғни дүние
жəне адамтану үдерісі баланың сол үдеріспен толық шұғылдануы
жəне қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы
жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет