Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет137/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

Бүгін де дидактикалық бірліктерді ірілендіру жаңашылдық
технология ретінде əр түрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда.
Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің,
Екатеринбург__________, Самара, Хабаровск, Братек, т.б. қалаларының
тəжірибесіне енген.
Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор
Т. Қ. Оспановтың жетекшілігімен жазылған Математикаоқу-
лықтары осы теорияға негізделген.
Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл
əдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп
толық айтуға мүмкіндік бар. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру
əдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
1. Қарама-қарсы ұғымдарды, əрі өзара байланысты операция-
ларды қатар оқыту.
2. Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
3. Деформацияланған жаттығуларды пайдалану.
4. Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың
үлес салмағының артуы.
Осы қағидалардың əрқайсысына жеке тоқталып, олардың
оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.
Оқыту практикасы қосу мен азайту, көбейту мен бөлу
бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың
тиімділігін көрсетіп отыр.
Біріншіден, бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал
үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден, ойлау
операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді.
Оқытудың __________гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сəйкес оқушы
мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.
Мысалы: Бірліктер түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау
арқылы шешу ойлау əрекетінің ішкі потенциалды резервтерін
ашуға көмектеседі. П. К. Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ,
табиғаттың айнымас зандылықтарының бірі кері байланыс
заңының іске қосылуымен тиімді.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының басты
ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару кері есепұғымы
ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П. К. Анохин
енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық
ұғыммен байланысты.
Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы
баланың белеенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық
дербестік пайда болады.
Математикалық əдебиеттерден мынадай ережені көп
кездестіруге болады. Математикадағы басты нəрсе-ұғымдарды
ой елегінен қайта өткізе білу. Кез келген тура есепті кері есепке
айналдыруда бір сан екі рөлде болады.
Бірінші жағдайда екі санның қосындысы, көбейтіндісі түрінде
болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді қызметін атқарады.
Жаңа буын оқулықтарында бес түрлі: қосындыны табуға,
қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не кем санды табуға, айырмалық
салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын
310 311
есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға
байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.
Кері есепұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі
тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жанына портфельді
орналастырған соң, мына есеп айтылады.
Столда 5 кітап бар, ал портфельдегі кітаптардың 3-еуі артық.
Портфельде қанша кітап бар?
Бұдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па, кем бе екенін
анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдында, столдағы
кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдағы
кітаптың одан 3-еуі кем. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған
соң, алдынғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше?
деген сұрақтарға жауаптар алынады.
Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды
анықтаймыз. Содан кейін ғана кері есепұғымы енгізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының
мақсатын айқындаңыз.
2. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының
тұжырымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
3. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының
əдістерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
4. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының
мазмұнына сипаттама беріңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образова-
ние, 2001.
2. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. Алматы, 2005.
3. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
4. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту
құралдары. – Алматы, 2007.
5. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі
сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008
6. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д.
Ушинского, 2002.
7. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
8. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
312 313
15. ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Жоспар:
15.1. Даму, дамыта оқытуұғымдары.
15.2. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы.
15.3. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері.
15.4. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру.
15.1. «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары
Даму дегеніміз – материалдық жəне идеялық объектілердің
қайтымсыз, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды
өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса,
онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсек, регрестік түрі
келетінде тұрады,サ – деп тұжырымдайды З. Кариев.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез
келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Дамуұғымы сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі
бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, – деп
түсіндіріледі. Дамуұғымының психологиялық анықтамасы
жаңарту үдерісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген
мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала
психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір
деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
И. Я. Лернер дамудеген ұғымды педагогикалық
заңдылықтарға негіздей отырып, адамның əртүрлі қиындықтардағы
мəселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет