Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет129/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   258
Шыныққандық
Жаттығу үдерісін дұрыс ұйымдастыру арнайы жүктемелерге 
спортшының бейімделуі күйіне немесе шыныққандық күйіне 
əкеледі. 
Шыныққандық дегеніміз – жүйелі түрде жаттығу ықпалынан 
тірі организмнің қызметтік мүмкіндіктерін өзгерте алу қасиеті. 
Ол адамның дене жаттығуына қабілеттілігін жəне оның жүйелі 
орындалған арнайы дене жаттығулары ықпалынан өзінің ар-
найы қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылату қабілетін сипаттай-
ды. Шыныққандық сандық жағынан (шыныққандық дəрежесі) 
жаттығу əсерінің мөлшерімен бағалануы мүмкін, яғни неғұрлым сол 
жаттықтыруға организм көбірек жауап берген сайын, сəйкесінше, 
соғұрлым шыныққандық жоғары болады. 
Шыныққандық жынысы мен жасы əртүрлі адамдарда 
айтарлықтай айырмашылыққа ие, яғни оларға берілген сол бір 
жүктеменің өзі оларда бірдей əсер тудырмайды. Тіптен жасы да, жы-
нысы да бірдей бір топтың ішінде шыныққандықтың өте үлкен же-
ке-дара вариацияларын орын алған. 
Шыныққандыққа жаттығу əсері арнайы болған сияқты, оған 
да арнайылық тəн. Мысалы, бір адамдар күштік жаттықтыру 
кезінде шыныққандықтың жоғары дəрежесін көрсетсе, алайда, 
төзімділікке жаттықтыру кезінде ол байқалмауы мүмкін. Басқалар, 
керісінше,төзімділік жаттығуларына жоғары қабілетті болып келсе, 
дегенмен, күштік жаттықтыруға жауап ретінде оларда бұлшық ет 
күшінің айтарлықтай өсімі орын алмайды. 


250
Бірдей жаттығу тек шыныққандықта тұрған айырмашылықтан 
ғана емес түрлі адамдарда əртүрлі əсер тудыруы мүмкін. Қандай 
да бір дене сапасын жаттықтырудың (белгілі бір жаттығуларда 
спорттық нəтиженің жоғарылауы) бір əдісі бір адамдарға барынша 
ықпал етсе, жаттықтырудың өзге əдісі басқалар үшін тиімді болады. 
Осыған орай, бірдей жаттықтыру əдісін қолдану əртүрлі адамдарда 
сол дене шынықтырудың түріне шыныққандықты əртүрлі дəрежеде 
дамытуы ықтимал. 
Жасы-жынысы бойынша бір топқа жататын адамдардың 
шыныққандық дəрежесі айтарлықтай шамада функциялық 
көрсеткіштердің (спорттық нəтиженің) бастапқы (жаттықтыруға 
дейінгі) деңгейімен анықталады. Түрлі мүшелер, жүйелер, ме-
ханизмдер қызметтік мүмкіндіктерін жəне тұтас организмнің 
функциялық дайындығын (жаттығу дəрежесін) сипаттайтын əртүрлі 
көрсеткіштер жаттықтыру ықпалынан бірдей өзгермейді. Дегенмен, 
жалпы ереже бойынша неғұрлым осы көрсеткіштердің бастапқы 
(жаттықтыруға дейінгі) деңгейлері төмен болған сайын, соғұрлым 
олар өзгеріске көбірек ұшырайды. Неғұрлым адамның жаттығу 
деңгейі (функциялық дайындығы) төменірек болса, соғұрлым оның 
шыныққандық дəрежесі жоғары болады. 
Я. К. Коц бойынша жаттықтыру əсерінің даму жылдамдығы 
мөлшері бойынша шыныққандықтың 4 нұсқасы бар: 
1. Жоғары жылдам шыныққандық (үлкен жəне жылдам өсетін): 
жүйелі жаттығудың алғашқы кезеңдерінде барынша жылдам өсіп 
барып, содан соң «қанығу деңгейіне» (мүмкіндігінше максималды 
жаттығу əсеріне) баяу (асимптотикалық-нышансыздық) жуықтай 
отырып, аз өзгеретін үлкен əсер;
2. Жоғары баяу шыныққандық (үлкен, бірақ баяу): біртіндеп, 
баяу өсіп отыратын үлкен жаттықтыру əсері;
3. Төмен жылдам шыныққандық (үлкен емес, бірақ жылдам 
өсетін): жүйелі жаттығудың салыстырмалы қысқа кезеңінде-ақ 
көрінетін жəне тез артатын, əрі қарай аз өзгеріске ұшырайтын үлкен 
емес жаттықтыру əсері;
4. Төмен баяу шыныққандық (үлкен емес жəне баяу): жүйелі 
түрде жаттықтыру үдерісінде баяу өсетін азғантай жаттығу əсері.
Жоғарыда айтылып өткендей, шыныққандық дəрежесі 
айтарлықтай шамада организмнің физиологиялық қызметтерінің 
бастапқы деңгейімен байланысты. Бұл деңгей адамның өмір сал-


251
тымен, атап айтқанда, дене белсенділігі, тамақтану сипаты жəне 
бұрынғы жаттықтырылуы дəрежесімен анықталады. Деген-
мен, адамның қызметтік мүмкіндіктерін, сонымен қатар жаттығу 
ықпалынан туындайтын олардың өзгерістерінің максималды мүмкін 
болатын дəрежесін, яғни шыныққандықты анықтауда генотип 
түсінігінің аясына біріктірілген тұқым қуалай берілетін генетикалық 
факторлар айтарлықтай рөл атқарады. 
Тұқым қуалайтын факторлардың рөлін зерттеу үшін бір 
жұмыртқалы (монозиготалы) генетикалық идентивті егіздер мен екі 
жұмыртқалы (дизиготалы) генетикалық идентивті емес егіздердің 
белгілі бір антропометриялық, морфологиялық жəне физиология-
лық көрсеткіштерін салыстыру ең кең қолданылатын əдістердің 
бірі. Мұндай салыстыру тұқымқуалаушылық коэффициентін (Н) 
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштің мөлшері бойынша 
аталмыш белгінің (көрсеткіштің) генотипке тəуелділігі дəрежесі жа-
йында бағалауға болады. Егер тұқымқуалаушылық коэффициенті 1,0-
ге тең болса, онда тұқымқуалаушылық сол белгінің (көрсеткіштің) 
жеке-дара вариативтілігін анықтайтын жалғыз себеп ретінде 
қарастырылады. Егер тұқымқуалаушылық коэффициенті нөл мен 
бір арасындағы интервалда болса, белгі бір жағынан, сыртқы орта
факторы ықпалына ұшыраған, ал екінші жағынан, тұқым қуалай 
берілгендігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет