247
Жаттығу əсерінің арнайылығы кей жағдайларда белсенді
бұлшық ет массасының құрамымен ғана емес, сонымен бірге оның
көлемімен де анықталады. Əсіресе, бұл төзімділік жаттығуларына
қатысты жақсы көрінеді. Осымен бір жағынан, көптеген бұлшық
ет топтарының белсенді қатысуымен орындалатын жүгіру
жаттығуларының велоэргометрге (велосипедке) немесе жүзуге
қарағанда неғұрлым тиімдірек болатыны түсіндіріледі.
Сыртқы ортаның əртүрлі жағдайларында көрінетін жаттығу
əсерінің арнайылығы. Жаттығу сыртқы ортаның белгілі бір
жағдайларында орындалады. Сəйкесінше спортпен жаттығушы
организміндегі адаптациялық өзгерістер осы қоршаған орта
жағдайларына оның барынша оптималды бейімделуін қамтамасыз
етеді. Мəселен, жазықта жүргізілген төзімділікке жаттықтыру
үдерісінде дамыған арнайы адаптациялық өзгерістер төзімділіктің
осы арнайы жағдайларында жоғарылауына əкеледі. Сондықтан
да биіктіктің гипоксиялық жағдайларына жоғары тұрақтылықты
қамтамасыз етуде оптималды жəне тіпті, барабар болып табыл-
майды. Бұл бір жағынан, неліктен көбіне мықты жаттыққан
спортшылардың жаттықпаған адамдарға қарағанда гипоксиялық
жағдайға ерекше жоғары тұрақтылыққа ие болмауын түсіндіреді.
Керісінше, сыртқы ортаның гипоксиялық жағдайларында ұзақ уақыт
болу үдерісінде осы арнайы жағдайда жаттығушы организмінде
оның жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатуға əкелетін арнайы
адаптациялық өзгерістер туындайды. Сонымен қатар спортшының
мұндай биіктікте жаттығуының акклиматизациялық бейімделуі
жазықтағы сияқты басқа арнайы жағдайларда жұмыстарды орындау
кезінде елеулі артықшылықтар бермейді.
Бейтарап температуралық жағдайларда жүргізілген ешқандай
жаттығу толығымен арнайы жылуға бейімделуді алмастыра ал-
майды, яғни арнайы акклиматизация жүргізілмесе, спортшыда
жаттықтыру əсерлері (функциялық дайындық, спорттық нəтиже)
үнемі дайындық өткен бейтарап жағдайларға қарағанда ыстық жəне
ылғалды ауа ортасында төмен болады.
Жоғарыда айтылғандар спортшы дайындығы жарыс өткізілетін
жағдайларда жүргізілу қажеттігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: