Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет145/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   258
Ⱦɟɧɟ
 
ɬ
ɟɦɩɟɪɚɬ
ɭɪɚɫɵ
 
ɀɀɀ

ɟɤɩ
/
ɦɢɧ
ɀαɦɵɫ
 
ɭɚΩɵɬɵ

ɦɢɧ
1
2
1
2
58-сурет. Дегидратацияның велоэргометрде 2 сағаттық жұмыс кезінде 
ЖЖЖ мен ректалды температураға ықпалы (Я. М. Коц бойынша):
1 – дегидратация кезінде;
2 – қалыпты жағдай кезінде
Қан плазмасы көлемінің төмендеуінің басқа салдары жүрекке 
көп күш түсіретін жəне оның қызметін төмендететін қан тұтқырлығы 
мен гематокрит көрсеткіштерінің жоғарылауымен жүретін гемокон-
центрация болып табылады. 
Дененің суды көп жоғалтуының зардапты əсерлерінің бірі жасу-
ша аралық (ұлпалық) жəне жасуша ішілік сұйықтықтар көлемінің 
азаюы болып табылады. Су мөлшері азайған жəне электролит-
тер тепе-теңдігі өзгерген жасушалардың қалыпты тіршіліктері 
бұзылады. Бұл атап айтқанда, дегидратация жағдайында жиырылу 
қабілеті айтарлықтай төмендейтін қаңқа мен жүрек бұлшық еттеріне 
қатысты. 
Бүкіл дене мен оның ішкі сұйық ортасындағы қалыпты су-тұз 
балансын сақтап тұруды бақылайтын физиологиялық механизмдер 


288
сан алуан. Плазмадағы су мөлшерінің азаюы онда электролиттер 
жəне т.б. заттар концентрациясын жоғарылатады. Бұл плазманың 
осмостық қысымының жоғарылауына əкеледі. Жұмыс үдерісінде 
қан плазмасының осмолярлығы да қанға белсенді бұлшық ет жа-
сушаларынан төмен молекулалы метаболизмдік өнімдер мен ка-
лий иондарының шығарылуы салдарынан үздіксіз жоғарылайды. 
Нəтижесінде сұйықтықтардың бір бөлігі жасуша аралық (ұлпалық) 
кеңістіктен тамырларға плазманың жоғалуын толықтыра орын ау-
ыстырады. Осының арқасында плазма көлемін қалпына келтіру 
жəне оны жұмыс басындағы төмендеу кезеңінен кейін салыстыр-
малы тұрақты деңгейде ұстап тұру мүмкін болады. Термиялық 
дегидратацияның дамуы барысында (жұмыс дегидратациясынан 
айырмашылығы) плазма көлемі толассыз азаяды.
Жоғары сыртқы температура кезінде тері қан айналымының 
күшеюі нəтижесінде тері капиллярларынан терінің тамырдан тыс 
(ұлпалық) кеңістіктігіне сұйықтықтардың қарқынды фильтрация-
сы жүреді. Бұл осы кеңістіктіктерде салыстырмалы көп болатын 
белоктардың лимфа айналысына қарқынды өтуіне əкеледі жəне одан 
қан айналу жүйесіне барады. Қанға белоктардың өтуі осылайша қан 
айналымдағы плазма (қан) көлемін ұстап тұруға көмектесе отырып, 
жасуша аралық (тамырдан тыс) су кеңістіктерінен капиллярларға 
судың адсорбциясының күшеюін тудыратын оның онкотикалық 
қысымын арттырады. Қанға тері ұлпалық кеңістіктерден белоктар-
дың өтуі қарқынды тер буланудан туындаған қан плазмасының 
күшті суды жоғалтуын автоматты түрде өтейді. 
Бұлшық ет жұмысы кезінде неғұрлым жұмыс қарқындылығы 
жəне кейбір жағдайларда неғұрлым ауа температурасы мен 
ылғалдылығы жоғары болған сайын, соғұрлым көбірек бүйрек қан 
айналысы төмендейді. Параллельді түрде аз дəрежеде болса да, 
бүйрек шумақтарында су фильтрациясы жылдамдығы азаяды, яғни 
зəр түзілу жылдамдығы төмендейді. Ыстық жағдайларда жұмыс 
кезінде бүйрек қан айналысының жəне зəр түзілу жылдамдығының 
төмендеуі бүйректерде судың кідірілуін (антидиурезді) күшейтеді. 
Мұндай кідіру механизмдерінің бірі плазма көлемінің төмендеуі 
(дегидратация) мен оның осмолярлығының артуына жауап ретінде 
гипофизден антидиурездік гормонның (АДГ) көп бөлінуі болып та-
былады. 
Бұлшық ет жұмысы уақытында тер бөлінудің маңызды қосымша 


289
көзі гликогеннің ыдырауы кезінде босап шығатын гликогенмен бай-
ланысты – «эндогендік» су болып саналады. Əр грамм гликоген
2,7 г сумен байланысқан. Сонымен, гликогенолиз бұлшық ет жиы-
рылуы үшін тек энергия көзі ғана емес жəне жұмыс атқарушы орга-
низм үшін судың қосымша көзі де болып табылады. 
Ұзақ уақыт күш сала орындалатын бұлшық ет жұмысы кезінде 
(əсіресе, ыстық кезде) тер бөлінудің күшеюі салдарынан туындаған 
су жоғалтуды толықтыру үшін жұмысты орындап жатқанда жəне 
одан кейін де сұйықтықтарды (су немесе су ерітінділерін) қабылдау 
басты рөл атқарады. 
Организм термен суды жоғалту кезінде кейбір минералдық 
заттарды (тұздарды) да жоғалтады. Басқа сұйықтықтармен 
салыстырғанда тер күшті сұйытылған су ерітіндісі болып табылады. 
Ондағы натрий жəне хлор иондарының концентрациясы олардың 
шамамен, плазмадағы концентрациясының 1/3-ін жəне бұлшық етте 
1/5-ін құрайды. Сонымен тер – қан плазмасымен салыстырғанда 
гипотониялық ерітінді. Əртүрлі адамдарда тердің иондық концен-
трациясы түрліше жəне тер бөліну жылдамдығы мен жылылық ак-
климатизация күйіне өте тəуелді болады. 
Тердегі натрий жəне хлор иондарының концентрациясы тер 
түзілу жылдамдығының артуымен жоғарылайды, кальций ион-
дары концентрациясы азаяды, ал калий жəне магний өзгермейді. 
Сəйкесінше, ұзақ күш сала орындалатын жұмыс кезінде (мыса-
лы, марафондық жүгіру кезінде) спортшы термен бірге негізінен 
жасушадан тыс кеңістіктер сұйықтығында – плазма мен ұлпалық 
сұйықтықтарда болатын натрий жəне хлор иондарын жоғалтады. 
Бұлар – плазма мен ұлпа сұйықтығының осмостық қысымын, де-
мек, денедегі жасушадан тыс сұйықтық көлемін басқалардан көп 
анықтайтын басты электролиттер. Жасуша ішілік су кеңістігіндегі 
калий жəне магний иондарын жоғалту айтарлықтай аз. 
Дегенмен, термен электролиттерге (тұздарға) қарағанда судың 
салыстырмалы көп кететінін ескеру қажет. Сондықтан электролиттер 
мөлшерінің жалпы төмендеуі кезінде олардың дене сұйықтығындағы 
концентрациясы жоғарылайды. Сəйкесінше ұзақ күшті тер бөліну 
кезінде организмнің электролиттерді дереу қалпына келтіруге 
қарағанда суды алмастырудағы қажеттілігі көбірек. 
Бұлшық ет жұмысы кезінде зəрмен электролиттерді жоғалту 
көбіне, өте айтарлықтай емес, себебі бұл кезеңде зəрдің түзілуі аз, ал 


290
бүйрек каналдарында натрий реабсорбциясы күшейген. Бұл зəрмен 
натрий иондарының экскрециясы кідіруін қамтамасыз етеді. Бұл 
үдерісте қан плазмасында альдостерон концентрациясы мен ренин 
белсенділігінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады.
Дене жаттығуларының алғашқы минуттарында плазма көлемі 
дереу азайып, кейіннен тердің көп бөлінуіне қарамастан төмендеу 
қарқынының баяулай бастайтынын атап өткен жөн. Альдостерон кон-
центрациясы, керісінше, жаттығу барысында бір қарқындылықпен 
жоғарылап отырады (59-сурет).
Ыстық жағдайларда жұмыс кезінде бүйректің қанмен жеткіліксіз 
жабдықталуы организмде натрийдің кідіруі механизмдерін күшейтуі 
мүмкін. Мұндай кідіру организмнің су балансын сақтауға мүмкіндік 
береді, өйткені плазма көлемі жəне қалған жасушадан тыс сұйықтық 
олардағы натрий иондарының мөлшеріне пропорциялы болады. 
Ауа температурасы жоғары жағдайларда жұмыс кезіндегі бүйрек 
вазоконстрикциясы мен жоғары дене температурасы нəтижесінде 
зəрде белоктың пайда болуы (жұмыс протеинуриясы) мүмкін бола-
тын бүйрек шумақтарында өткізгіштіктің күшеюін тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет