Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет144/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   258
Су-тұз балансы. Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы 
жағдайында орындалған бұлшық ет жұмысы кезінде тер бөліну 
күшеюінің ең ауыр салдарының бірі организмдегі су-тұз балансының 
бұзылуы болып табылады. Ол дененің суды тез жоғалтуымен, яғни 
жедел дегидратациямен (сусызданумен), сонымен қатар дененің 
су кеңістіктерінде бірнеше электролиттер (тұздар) мөлшерінің 
өзгеруімен көрінеді.
Дегидратация туындауының əртүрлі себептері бар: сыртқы 
ортаның жоғары температурасы жағдайында болу (термиялық де-
гидратация), ұзақ жəне қарқынды бұлшық ет жұмысы (жұмыс де-


286
гидратациясы) жəне бұл екі жағдайдың комбинациясы, яғни жоғары 
температура кезіндегі қарқынды бұлшық ет жұмысы (терможұмыс 
дегидратациясы). Дегидратацияның əртүрлі формалары организмнің 
түрлі жүйелері мен ұлпалары қызметінің біркелкі емес өзгерістерін 
тудырады. 
Жұмыс дегидратациясы кезінде дене жұмыс қабілеттілігінің 
төмендеуі ерекше байқалады. Айтарлықтай жұмыс дегидратациясы 
əсіресе, жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында 
орындалған тек ұзақ (30 мин. аса) жəне жеткілікті қарқынды жаттығу 
(субмаксималды аэробтық қуаттылықты) кезінде дамиды. Ауыр, 
бірақ қысқа мерзімдік жұмыс кезінде тіпті, жоғары ауа температура-
сы мен ылғалдылығы жағдайының өзінде соншалықты айтарлықтай 
дəрежеде дегидратация дамып үлгермейді.
Дене температурасын организм үшін жарамды мөлшерде ұстап 
тұру суды сақтауға қарағанда маңыздырақ. Күшті тер бөлінумен қатар 
жүретін ұзақ ауыр жұмыс кезінде денеде үлкен су тапшылығы туын-
дауы мүмкін. Мысалы, марафоншылар ыстық жағдайларда жарыс 
кезінде термен 6 л-ге дейін су жоғалтуы мүмкін. Тіпті, арақашықтық-
та сұйықтық қабылдау арқылы жоғалған суды толықтырып 
отырғанның өзінде, марафоншылар жалпы су мөлшерінің 13-14%-
ын жоғалта отырып, дене салмақтары орта есеппен 5%-ға, ал шекті 
жағдайларда 8%-ға төмендейді. Бұлшық ет жұмысы нəтижесінде 
жалпы судың жоғалуын осы аралықта ішілген суды ескере отырып, 
дене салмағын жұмысқа дейін жəне одан кейін салыстыру арқылы 
оңай бағалауға болады. 
Судың көп мөлшерін жоғалтқан адам ыстыққа төзімсіз келеді, 
оның жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Тіпті, суды жоғалтудан дене 
салмағының 1-2% азаюының өзі дене жұмыс қабілеттілігін (əсіресе, 
жаттықпаған адамдарда) төмендетеді. Дегидратация жағдайында 
организм дене температурасын нашар реттейді, сондықтан бірдей 
жүктеме кезінде қалыпты гидратация тəн тұлғаларға қарағанда, дене 
салмағын 3-4%-ын жоғалтқан сусызданған адамдардың дене темпе-
ратурасы жоғары болады (58-сурет).
Жұмыс кезінде неғұрлым дегидратация дəрежесі жоғары болса, 
соғұрлым дене температурасы жоғарырақ келеді. Дене салмағының 
3%-ы жоғалуымен жүретін дегидратация кезінде тер бездерінің 
белсенділігі төмендейді. 


287
Дегидратацияның барынша жағымсыз салдарының бірі қан 
плазмасы көлемінің азаюы болып табылады. Дене салмағының 4% 
жоғалуымен жүретін жұмыс дегидратациясы кезінде плазма көлемі 
16-18% төмендейді. Сəйкесінше қан айналымдағы қан көлемі азая-
ды, бұл систолалық көлемнің төмендеу салдары ретінде веналық 
қайтарылудың азаюына əкеледі. Систолалық көлемді өтеу үшін 
ЖЖЖ жоғарылайды. 
0
37
39
80
100
120
140
160
30
60
90
120
Ⱦɟɧɟ
 
ɬɟɦɩɟɪɚɬɭɪɚɫɵ
ɀɀɀ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет