Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында



Pdf көрінісі
бет142/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында 
жылу шығару күшеюінің физиологиялық механизмдері
Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында жылу 
шығарудың күшеюі екі негізгі физиологиялық механизмдермен: тер 
бездерін сумен қамтылуын қамтамасыз ететін дене беткейіне ішкі 
жылудың көшірілуін арттыратын тері қан айналымының күшеюімен 
жəне тер түзілудің күшеюімен жүзеге асырылады.
Тері қан айналымы жəне тері температурасы. Сыртқы 
ортаның қолайлы жағдайлары кезінде ересек адамның тері қан ай-
налымы тыныштық күйде 0,16 л/м²/ мин-қа жуық, жұмыс кезінде
1 л/м²/мин-қа дейін, ал өте жоғары сыртқы температура кезінде
2,6 л/м²/мин-қа жетуі мүмкін. Бұл өте ыстық жағдайларда дененің 
қызып кетуінің алдын алу үшін жүректің минуттық қан көлемінің 
20%-ға дейін тері тамырлары торларына бағытталатындығын 
көрсетеді. Қолайлы жағдайда осындай жұмыс кезінде жүректің 
минуттық қан көлемінің осы үлесі тек 5%-ға жетеді. Жүктеме 
қуаттылығы тері температурасына ықпал ете қоймайды. Тұрғын 
жайда велоэргометрде жұмыс кезіндегі терінің орташа температу-
расы сыртқы температураның сызықтық қызметі (5°С-тан 35°С-қа 
дейін шамада).
Дене жүктемесі ықпалынан ішкі температура жоғарылайды, ал 
орташа тері температурасы жұмыстың əсерінен тердің бөлінуі 
мен булануы салдарынан төмендейді (57-сурет). Субмаксимал-
ды жұмыс кезінде ішкі температураның жоғарылау дəрежесі тер 
бөліну жүрмейінше кең диапазон (15-35°С) шегіндегі қоршаған 
температураға тəуелді болмайды (M.Scurpiri et al, 1972). Сусызда-
ну (кеберсіну) ішкі температураның көтерілуіне əкеліп, осылайша 
жұмысқа қабілеттілікті лимиттейді. Марафоншыда жүгіру кезінде 
ректалды температура 39-40°С, ал кейбір жағдайларда 41°С-қа да 
жетуі мүмкін (M. B. Maron et al., 1977).
Тері температурасы тері қан айналымы көлемімен сызықтық 


283
байланысты. Тері қан айналымының күшеюі оның температурасын 
арттырады жəне егер қоршаған орта температурасы тері температу-
расына қарағанда төмен болса, онда конвекция мен радиация жол-
дарымен жылудың жоғалуы жоғарылайды. Тері температурасының 
жоғарылауы, сонымен бірге сыртқы радиацияның денеге ықпал 
етуін азайтады.
57-сурет. Тыныштық күйде жəне дене жүктемесі кезінде дене 
температурасы, жылу өндіру (қоршаушы сызықпен көрсетілген) мен жылу 
шығару (бағаналар арқылы көрсетілген) (E. F. Dubois бойынша):
– бағаналардың төменгі бөлімі – сəуле шығару арқылы жылу 
шығаруды;
– бағаналардың ортаңғы бөлімі – конвекция арқылы жылу шығаруды;
– бағаналардың төменгі бөлімі – булану жолымен жылу шығаруды 
көрсетеді 
Ауа қозғалысы конвекция жəне булану арқылы жылудың 
шығаруын күшейтеді. Нəтижесінде орташа тері температура-
сы төмендейді жəне осылайша конвекция жəне радиация арқылы 


284
жылудың жоғалуы үшін жағдайды онан əрі неғұрлым жеңілдететін 
«ядро-тері» мен «тері-қоршаған орта» температуралық градиенттері 
артады. Жоғары ауа температурасы кезінде оның қосымша 
қозғалыстары жұмыс гипертермиясын қалыпты етеді. Ауаның 
күшейген конвекциясы арқасында велосипед тепкен кезде жүгіруге 
қарағанда орташа тері температурасы айтарлықтай төмен, ал жылу 
шығару жоғары болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет