Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет150/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   258
Су қабылдау режимі
Ыстық жағдайда күш сала орындалатын жұмыс кезінде жоғары 
жылдамдықпен тер бөлінудің организмнің айтарлықтай дəрежеде 
суды, сонымен қатар тұздарды жоғалтуына əкелетіні айтылып 
өткен болатын. Нəтижесінде жұмысқа қабілеттілік жəне жылуға 
тұрақтылық (ыстыққа үйрену қабілеті) төмендейді.
Суды жоғалту жəне оның жарыс кезінде толтырылуы
Жаттықтырушылар мен спортшылар арасындағы судың əлсірету 
əсері жөнінде, «артық» сұйықтықтың жүрекке «қосымша» күш 
түсіру туралы көзқарастары бойынша судың термен жоғалуын азайту 
үшін суды аз ішу қажет деп санайды. Сонымен бірге физиологиялық 
зерттеулер əсіресе, ыстық жағдайда күш түсіре орындалған жұмыс 
нəтижесінде жоғалған су мөлшерін неғұрлым тезірек жəне тиісінше, 
сол мөлшерде толтыру қажеттігін дəлелдейді. 
Егер спортшылар судың жоғалуын толтыру үшін арақашықтықта 
сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ішпесе, оларда (сондай немесе 
басқа дəрежеде) дегидратация дамиды. Тердің бөлінуімен суды пай-
далану бірдей (су балансы) болған кезде суды аз пайдаланған жəне 
əсіресе, суды қабылдамаған жағдайларға қарағанда сондай жұмыс 
уақытында дене температурасы төмен болады. Сонымен ыстық 
жағдайда жүргізілген жарыс кезінде сұйықтық қабылдау дененің 
қызып кету қаупін азайтады
Ыстық жағдайда велоэргометрде орындалған жұмыс үдерісінде 
суды бөліп-бөліп ішу қан плазмасының жоғалуын кідіртеді жəне 
осылайша қан айналымдағы қанның қалыпты көлемін ұстап тұрады. 
Нəтижесінде судың жоғалуын толтырусыз орындайтын жұмыс 
кезіндегі сияқты деңгейге дейін систолалық көлемнің төмендеуіне 
жəне ЖЖЖ жоғарылауына жол берілмейді. Жұмыс кезінде сұйықтық 


301
қабылдау оның шекті ұзақтығының (жұмыс қабілеттілігінің) арту-
ына əкеледі. Көмірсулар ерітіндісі түріндегі сұйықтық тек судың 
жоғалуын толтырып қана қоймай жəне ұзақ уақыттық жүктемелер 
кезінде жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін өте маңызды 
қандағы глюкозаның қалыпты мөлшерін ұстап тұрады. 
Бұлшық ет жұмысы кезінде жоғалған су мөлшерін толтыру үшін 
пайдаланатын «алмастырғыш» сұйықтықтар құрамы бірнеше та-
лаптармен анықталады. Ішілген сұйықтық асқазаннан қанға дерлік 
сіңірілмейді. Судың абсорбциясы ішектерде жүреді. Сəйкесінше, ең 
басты судың жоғалуын толтыру жылдамдығын асқазаннан ішекке 
сұйықтықтың эвакуациялану шапшаңдығы анықтайды. Асқазанның 
босау шапшаңдығына ондағы сұйықтықтардың көлемі, температу-
расы мен осмолярлығы ықпал етеді. Бұлшық ет жұмысы өздігінен 
өзі асқазан босауының шапшаңдығына аз ықпал етеді.
Едəуір сұйықтық көлемдері (500-600 мл) аз мөлшердегі 
сұйықтыққа қарағанда асқазаннан тезірек өтеді. Бірақ арақашықтық-
та сұйықтықтың көп мөлшерін бір ретте қабылдау асқазанды тол-
тырып жағымсыз сезім мен ауыр тыныс алдыруды тудырады. 
Сондықтан сұйықтықты аз мөлшерде жиі қабылдаған дұрыс. Мы-
салы, аралық қабылдау интервалы 10-15 мин-та 150-250 мл-ден су 
ішіп отыру қажет.
Суық сұйықтық жылы сұйықтыққа қарағанда асқазаннан 
тезірек эвакуацияланады. Суық су (8-13°С) асқазан температурасын 
7-18°С-қа түсіре отырып, ішекке сұйықтықтың өтуін жылдамдата 
асқазан қабырғасы бірыңғай салалы бұлшық еттерінің белсенділігін 
күшейтеді. Бұдан басқа асқазанда суық судың аз дəрежеде болса да 
жылытылуы (жылу осы судың жылытылуына жұмсалғандықтан) 
дененің жылу жоғалтуын күшейтеді. Сондықтан ыстық жағдайларда 
жүргізілген жарыстар кезінде салқындатылған су ішу жылы суға 
қарағанда, барынша мақсатқа лайықты болады. Асқазан моторика-
сы мен оның босау жылдамдығы біраз шамада ондағы заттардың 
осмолярлығымен анықталады. Су асқазаннан жеңіл кетеді. 
Асқазаннан одан да тезірек ас тұзының изотониялық ерітіндісі (NаСl 
0,85% ерітіндісі) кетеді. Ерітіндідегі глюкозаның аз (5%-ға дейін) 
мөлшерінің өзі асқазанның босауының айтарлықтай баяулауын ту-
дырады. Ішетін сұйықтыққа тұздарды (электролиттерді) қосу оның 
осмолярлығын жоғарылатады. Осмолярлығы 200 мОсм/л-ге жуық 
гипотониялық сұйықтық оптималды болып табылады. Мұндай 


302
ерітінділерде қант аз (2,5%-ға дейін) болады, асқазанды тез босата-
ды жəне сондықтан судың ішектен қанға жеңіл сіңірілуін əрі судың 
жоғалуының үлкен жылдамдықпен толтырылуын қамтамасыз ету-
ге қабілетті келеді. Қабылданған сұйықтықтың жалпы мөлшерін 
анықтау кезінде кез келген жағдайда судың сіңірілуі максималды 
жылдамдығы 0,8 л/сағ.-тан аспайтынын ескерген жөн. 
Сайып келгенде, күшті тер бөлінумен қатар жүретін ыстық 
жағдайларда орындалған ұзақ ауыр жұмыс уақытында 2,5%-ға дейін 
қант (көмірсу) мөлшері бар салқын гипотониялық ерітінділерді пай-
далану керек. Біраз су резерві болу үшін мəреге дейін шамамен, 
жарты сағат қалғанда 500 мл ( құрамында көмірсулар жоқ) су ішкен 
жөн. Арақашықтықта əр 10-15 мин. сайын 150-200 мл гипотониялық 
ерітінділер қабылдау қажет. 
Егер жарыс организмнің қызып кетуі мен дегидратация қаупі 
болмайтын бейтарап немесе суық жағдайларда (шаңғы жарыс) 
өтетін болса, су қабылдау режимі басқадай болу қажет. Сұйықтықты 
қабылдау көлемі мен жиілігі айтарлықтай азайып, ал ондағы 
көмірсулар мөлшері (25%-ға дейін) артуы мүмкін. Бұл жағдайларда 
тіпті, асқазаннан ішектерге ерітіндінің баяу орын ауыстыруының өзі 
қанды көмірсулармен қамтамасыз етеді.
Күшті тер бөлінумен жүретін жұмыс кезінде электролиттер 
жоғалуын дереу толтыру организм тер бөліну арқылы тұзға қараған-
да, судың салыстырмалы көп мөлшерін жоғалтатындықтан, судың 
жоғалуын толтыру сияқты рөл атқармайды. Бұдан басқа жаттыққан 
(жəне ыстыққа акклиматизацияланған) спортшыларда жаттықпаған 
адамдармен салыстырғанда тердегі тұздар мөлшері төмен болады. 
Сондықтан ыстық жағдайлардың өзіндегі жарыс кезінде спортшы-
ларда тұздардың жоғалу мөлшері салыстырмалы көп емес. Мұнан 
басқа тер бөліну қандағы жəне дененің басқа сұйықтықтарында 
тұздар (ең алдымен, NаСl) концентрациясының жоғарылауын туды-
рады. Осыған байланысты бұлшық ет жұмысы кезінде тұздардың 
көп мөлшерін қосымша қабылдау организм үшін тіпті, зиян келтіруі 
мүмкін. Жарыс кезінде тіпті құрамында тұздардың аз мөлшері ғана 
бар суды көп ішу олардың жоғалуын жеткілікті мөлшерде толтыра-
ды. Тек тер бөліну көп болатын (бірнеше күн қатарынан) қайталап 
жүктеме əсер ету кезінде ғана қосымша тұздар мөлшерін қабылдау 
ұсынылады. Бірақ дəл бұлшық ет жұмысымен айналысқан уақытта 
қабылдауға болмайды. 


303


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет