315
мөлшерден елеулі айырмашылықтары болмайды. Бұл перифериялық
тамыр кедергісінің азаюымен байланысты.
Шекті аэробтық жүктеме кезінде
жүректің минуттық қан
көлемінің, ЖЖЖ жəне систолалық көлемнің максималды шама-
сы теңіз деңгейімен биіктік жағдайында бірдей болады. ЖЖЖ
жəне жүректің минуттық қан көлемі максималды мəндерге
гипоксиялық жағдайларда теңіз деңгейіне
қарағанда неғұрлым
төмен қарқындылықты жұмыс кезінде жетеді.
Биіктікке көтерілу барысында
коронарлық қан айналымы,
оттегімен жабдықталу жəне оны миокардтың пайдалануы
тыныштық күйде азаяды. Күш сала
орындалатын жұмыс кезінде
жүрек бұлшық етінің оттегіні шығындауын жабу үшін коронарлық
қан айналым теңіз деңгейіне қарағанда биіктікте (шамамен,2500 м
биіктікте 10%-ға жəне 4000 м биіктікте 30%-ға) көбірек болу керек.
Биіктікте жұмыс кезінде жүректің минуттық қан көлемі
артуының маңызды механизміне
күшейтілген веноконстрика-
ция жатады. Осының
арқасында орталық қан көлемі, сəйкесінше,
веналық қайтарылу артады. Ол артериялық қандағы СО
2
кернеуінің
төмендеуіне (гипокапния) жауап ретінде туындайды.
Гипобаралық қысым жағдайында бұлшық ет жұмысын орын-
дау кезінде организмнің оттегі тасымалдау мүмкіндіктері жүректің
минуттық қан көлемінің артуынан басқа артериялық қандағы О
2
мөлшерінің өсуіне əкелетін
жұмыс гемоконцентрациясы күшеюі
есебінен жоғарылайды.
Сайып
келгенде, биіктікте орындалған жұмыс уақытында ты-
ныс алған ауадағы оттегінің төмен қысымы (мөлшері) теңіз деңгейі
жағдайымен салыстырғанда өкпе вентиляциясының қосымша
күшеюін, жүректің минуттық қан көлемінің жəне жұмыс гемо-
концентрациясы дəрежесінің артуын тудырады.
Бұл қосымша ме-
ханизмдер жұмыс атқаратын бұлшық еттер мен дененің басқа да
ұлпаларына оттегі тасымалдануын күшейтеді. Бірақ орта биіктік
жағдайындағы бұл адаптациялық реакциялар альвеолалық ауадағы
жəне артериялық қандағы О
2
мөлшері мен парциалдық қысымының
төмендеуін толығымен өтей алмайды. Сондықтан гипобаралық
гипоксия жағдайында максималды аэробтық қуаттылық (ОМП)
төмендейді жəне күшті бұлшық ет жұмысын қамтамасыз ету үшін
анаэробтық энергия түзілуінің маңызы артады.
Оттегі пайдалану жылдамдығы
жұмыс басында қалыпты
316
жағдайға қарағанда баяу өседі. Айтарлықтай шамада бұл қан ай-
налу жүйесінің баяу бабына келуімен негізделген. Сондықтан тау
жағдайында орындалған жұмыс үшін жоғары оттектік тапшылық
тəн.
Тыныс аппараты мен жүректің күшейтілген жұмысы, соны-
мен қатар қозғалыс координациясы
бұзылулары теңіз деңгейіне
қарағанда бұл жағдайда
жұмыстың энергиялық құндылығының
жоғары болуына əкеледі. Мəселен, 3500 метр биіктікте жазыққа
қарағанда бірдей сол жұмысты орындау кезінде О
2
пайдалану 5%-ға
көп.
Биіктікте бұлшық ет жұмысын қамтамасыз ету бойынша тыныс
алу мен қан айналу жүйелерінің қызметінің күшеюі теңіз деңгейіне
қарағанда неғұрлым тез қажудың дамуына алғышарттар жасайды.
Жоғары биіктікте болу кезінде жүйке жүйесінің
функциялық
күйінде өзгерістер жүреді. Осының нəтижесінде организм қызметі-
нің қалыпты реттелуі бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: