Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет18/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   258
15-суретДистрофин жəне онымен байланысты молекулалар диаграммасы 
(Cohn and Campbell (2000) Muscle Nerve 23:1459-1471)
Бұлшық еттің ұзақ уақыт жиырылу күшін жүзеге асыратын жəне 
сақтайтын қабілетін, яғни оның төзімділігін статикалық жұмысты 
орындағанда, жүкті мығым жағдайда ұстап тұратын немесе тұрақты 
қысым күшін сақтайтын мерзімі арқылы анықтайды. Ол үшін 
уақытты күш көрсеткішіне көбейтеді. Егер жұмсалған күш мак-
сималды күштің 20%-на тең болса, тұрақты қалыпты жұмыс ұзақ 
уақытқа созылады. 
Динамикалық жұмыстарда төзімділік ең ақырғы уақыт жəне 
шегіне жеткен қажетті қуатпен бағаланады. Динамикалық төзімділік 
орындалған қимылдың ең жоғары мөлшерімен сипатталады. Мұндай 
жұмысты орындау кезіндегі төзімділік велоэргометрдің көмегімен 
өлшенеді.
Бұлшық еттер адам организмі эндокриндік мүшесі ретінде
Соңғы уақытта бұлшық еттердің жиырылу нəтижесінде орга-
низмде миокиндердің өндірілетінін анықталған (Claus Brandt and 
Bente K. Pedersen Hindawi, 2012).


40
Дене жаттығуларын тұрақты түрде орындап, дағдыға айналдыру 
нəтижесі қант диабетінің 2-типі, жүрек-тамыр жүйелерінің аурулары, 
тік ішек, сүт бездері обырлары, остеопороз жəне ақыл-естің кемдігі 
сияқты т.б. көптеген аурулардан қорғайтыны дəлелденген. Шетелдік 
ғалымдар дене жаттығулары өздерінің қабынуға қарсы əсерлерін 
висцералдық майлар массасын төмендету арқылы іске асырады 
деп топшылайды. Бұл бұлшық еттердің жиырылуы нəтижесінде 
бұлшық ет жасушалары бөліп шығаратын белок – миокиндерге бай-
ланысты. Сондықтан ғалымдар қаңқа бұлшық еттерін эндокринді 
мүше ретінде қарастыру қажет деп санайтын инновациялық идеяны 
ұсынады. Миокиндер бұлшық ет жасушалары бөліп шығаратын ци-
токиндерге жатады. 
Цитокиндер – негізінен иммундық жүйе жасушалары мен 
басқа да жасушалар бөліп шығаратын жəне синтездейтін гормон 
тəріздес белоктық заттар мен пептидтер тобы. Олар биологиялық 
қызметтеріне байланысты:
1. Иммундық жүйе дамуы мен гомеостазын басқаратын;
2. Қан жасушаларының (гемопоэз жүйесі) өсуі мен дифферен-
циациялануын бақылайтын;
3. Қабыну үдерістеріне, қан ұюына жəне қан қысымына ықпал 
ете отырып, организмнің бейарнайы қорғаныс реакциялары-
на қатысатын цитокиндер деп 3 топқа бөлінеді. Жалпы алғанда, 
цитокиндер жасушаның өсуі, дифференциациялануы мен өмір 
сүру ұзақтығын реттеуге қатысады. Сонымен қатар апоптозды 
(жасушалардың генетикалық бағдарланған өлімін) басқаруда да 
үлесі бар. Қазіргі кезде цитокиндердің көптеген түрлері ашылған. 
Мысалы, олардың интерлейкиндер, лимфокиндер, монокиндер, хе-
мокиндер, интерферондар, миокиндер жəне т.б. топтары бар. 
2003 жылы Bente Klarlund Pedersen бұлшық ет талшықтары
жиырылуы кезінде бөлінетін цитокиндер мен басқа да белоктар-
ды миокиндер деп атауды ұсынған болатын. Миокиндерден бұрын 
1997 жылы Джон Хопкинс университеті зертханасында миостатин 
белогы алғаш анықталған. Миостатин – бұлшық ет ұлпасы өсуі мен 
дифференциациялануын тежейтін белок. Аэробтық жəне күштік 
жаттығулар адам жəне жануарлар организмінде миостатин инакти-
вациясын əлсіретсе, төзімділік жаттығулары оларды күшейте түседі 
(3-тарау, 19-суретке қараңыз)
Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер бұлшық ет жасушала-


41
рынан бөлініп шығатын əлі толықтай анықталмаған факторлардың 
обыр жасушаларының өсуі мен ұйқы безі қызметіне ықпал 
ететіндігін дəледейді. Қаңқа бұлшық еттері бөліп шығаратын 
көптеген белоктар бұлшық еттің жиырылуына байланысты. Дене 
белсенділігінің төмендеуі нəтижесінде миокиндердің синтезделмеуі 
– отырықшы өмір салтын ұстану мен көптеген созылмалы ауру-
лар арасындағы байланыстың бір себебі. Авторлар: «Бұлшық ет 
массасының азайып, висцералдық (ішкі) майлардың жинақталуы 
инсулинрезистенттілікке, атеросклерозға, ісіктердің өсуі мен 
нейродегенерацияға əкеліп, созылмалы аурулар кластері дамуына 
əкеледі», – деген қорытындыға келген. Бұлшық еттердің миокиндерді 
бөліп шығаруы – дене белсенділігінің мезгілсіз қазаның алдын ал-
уын түсінудегі молекулалық негіз болып табылады. Миокиндердің 
ми қызметіне де жағымды ықпалы анықталған.
Бұлшық ет организмдегі ең үлкен мүше, ал оны тірек-қимыл 
жүйесінің белсенді бөлігі ретінде ғана емес, секрециялық əрі 
иммуногендік мүше ретінде қарастыру ғалымдар қоғамы күн 
тəртібіндегі өзекті тақырып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет