Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


VІ ТАРАУ ҚИМЫЛ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет63/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   258
ТАРАУ
ҚИМЫЛ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
Спортшылардың техникалық шеберліктерінің негізі жаттығу 
үдерісінде қалыптасып, спорттық нəтижеге айтарлықтай ықпал 
ететін қимыл дағдылары болып табылады. Осы қимыл дағдысы 
есебінен спорттық техника тиімділігі циклдік спорт түрлерінде 
10-25%-ға, ал ациклдік спорт түрлерінде одан да көп пайызға 
жоғарылайды деп саналады. 
Түрлі қозғалыс əрекеттері туа пайда болумен қатар тіршілік ба-
рысында арнайы үйрену нəтижесінде жүре қалыптасады. Орталық 
жүйке жүйесінің осы қимыл-қозғалыстарды басқарудағы жəне жұ-
мыс кезіндегі физиологиялық өзгерістердің дамуындағы реттеушілік 
маңызы өте зор. Бұл спорттық динамикалық қозғалыстарды орын-
дау мен дененің белгілі бір қалпын сақтаудың тек бір ғана емес, 
бірнеше тіпті, ондаған түрлі бұлшық еттердің қатысуымен қатар 
жүретіндігімен байланысты. Жұмыс атқарушы бұлшық еттердің 
құрамы жəне ондағы жиырылатын қимыл бірліктері (моторлық 
бірліктер) саны үздіксіз өзгерісте болады (7-тараудағы 38-, 
39-суреттерді қараңыз). Бұл тек бір қозғалыс əрекетінен келесіге 
өту кезінде ғана емес, сонымен қатар сол бір фазаның өзінде де 
орын алады. Сол сияқты қозғалыс кезіндегі бұлшық ет құрамы 
секілді жұмысқа қатысқан қимыл бірліктерінің саны да қозғалыс 
жылдамдығына, күш дəрежесіне, қажуға жəне т.б. факторларға 
сəйкес құбылып отырады.
Адам баласы туа пайда болған саны мен күрделілігі бойын-
ша шектеулі қозғалыс əрекеттері қорымен (ему, жұту, кірпік қағу, 
əртүрлі тітіркендіргіштерге жауап ретінде аяқ-қол бұлшық еттерінің 
бүгілуі мен жазылуы, т.б.) дүниеге келеді. Осылармен қатар 
үйрету арқылы өзгермелі тіршілік жағдайларына барабар қозғалыс 
актілерінің жаңа түрлерін меңгеру қабілетіне, яғни жаттықтырудың 
жоғары дəрежесіне жетуді қамтамасыз ететін маңызды қасиеттердің 
бірі жүйке жүйесінің серпімділігі де тұқым қуалау арқылы беріледі. 
Бұл қасиет спорттық жаттығулар техникасын жетілдіруде зор 
мүмкіндіктер тудырады. 


128
Жаттықтырылу дəрежесі тұқым қуалау арқылы беріле оты-
рып əртүрлі тұлғаларда түрліше көрініс береді. Жəне де бір 
адамның өзінде түрлі əрекеттерге қатысты үнемі түрленіп отырады. 
Сондықтан спорттық іріктеу кезінде морфологиялық ерекшеліктер 
мен вегетативтік қызмет күйімен қатар сол немесе басқа дене 
жаттығулары түрлеріне тəн белгілі қозғалыс үйлесімділігі жағынан 
арнайы жаттықтырылу дəрежесін ескеру қажет.
Баланың əрекетті орындауы кейде сəтті немесе сəтсіз аяқталып 
жататын көптеген ретсіз, жүйесіз қозғалыстарынан бастап, белгілі 
бір мақсатқа бағытталған қозғалыс əрекеттері біртіндеп қалыптаса 
бастайды. Бала əрекеті нығаюының оның дамуының неғұрлым 
кешірек кезеңдерінде де, əсіресе, жаңа қозғалыстарды үйрету бары-
сында маңызы бар. 
Əртүрлі жас кезеңдерінде жаттықтырылу дəрежесі біркелкі 
көрінбейді. Кейбір жас кезеңдерінде жаттықтырылу дəрежесінің 
жоғары болуына орай қозғалыс əрекеттерін үйрету де ерекше та-
бысты өтеді. Бұл кезеңдер ақыл-ой жəне бұлшық ет əрекеттерінің 
əртүрлерінде түрліше болады. Мысалы, шетел сөздерін дұрыс айту-
мен байланысты қозғалыс үйлесімділігі балалық шақта жеңіл əрі тез 
меңгеріледі. 
Жаңа күрделі спорттық қозғалыстар да адамның өмірінің белгілі 
бір кезеңдерінде меңгеріледі. Сондықтан болашақ жаттықтырушыға 
қозғалыс техникасын үйретудің тиімді жақтарын қарастыру бары-
сында дене жаттығуларының сол түріндегі жаттықтыру дəрежесі 
неғұрлым жоғары болатын жас кезеңдерін айқындап алудың маңызы 
зор. Спорт практикасынан коньки, гимнастика, суға секіру жəне т.б. 
дене жаттығуларындағы күрделі қозғалыс əрекеттерін үйретудің 
балалық шақта айтарлықтай тиімді өтетіндігі белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет