Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Орталық жүйке жүйесіндегі қозғалысты бағдарламалаудағы



Pdf көрінісі
бет71/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   258
Орталық жүйке жүйесіндегі қозғалысты бағдарламалаудағы 
афференттік жəне басқа факторлардың интеграциясы. Қозғалыс 
актісі даярлықтың жəне орындалудың барлық кезеңдерінде орталық 
жүйке жүйесіндегі афферентті жəне т.б. факторлардың интеграция-
сымен байланысты болады.
Бұл тұрғыда П. К. Анохин: 
1. Мотивация;
2. Ес (Зерде);


143
3. Жағдайлық афферентация;
4. Қозғағыш афферентация сияқты 4 негізгі факторларды атап 
көрсетеді (36-сурет).
Адамдардың еңбек жəне спорттық əрекеттерінде, əсіресе 
түрлі əлеуметік мотивациялардың маңызы зор. Жүйке жүйесінде 
қалдырған іздерінің (ес) салдарынан бұрынғы тəжірибе кез келген 
жағдайды бағалауда күшті ықпал жасайды. Интеграция үдерісінде 
орта жағдайы туралы ақпараттың (жағдайлық афферентацияның
маңызы зор. Қоршаған ортадан жəне организм қызметінің əртүрлі 
күйі туралы түсетін ақпараттардың ОЖЖ-де түрлі əсерлерді дұрыс 
бағдарламалаудың маңызды бөлімі болып табылатындығы күмəн 
келтірмейді. 
36-сурет. Гомеостаз рецепторлары арқылы ішкі қажеттілік өзгерістері 
туралы сигнал беру мен афференттік синтез негізінде мінез-құлықтық ре-
акциясы қалыптасуы сызбанұсқасы (П. К. Анохин бойынша):
ҚА – Қозғағыш афференттік сигнал;
ЖА – Жағдай афференттік сигналы;
1 – шешім қабылдау;
2 – эфференттік қозу;
3 – мінез-құлық нəтижесі;
4 – нəтиже көрсеткіштері;
5 – əрекет нəтижесін салыстырушы – акцептор;
6 – метаболизмдік өзгерістер;
7 – гомеостаз өзгерістері;
8 – гомеостаз рецепторлары 


144
Сондай-ақ спорт түрлеріне байланысты жарысты бастайтын 
(қозғағыш афферентацияның) ату, ысқырық дауысы, жалаушаның 
түсуі, команда, т.б. сигналдардың маңызы зор. Дегенмен, жауап 
беретін қозғалыс актілерін талап ететін көптеген жарыстың баста-
луын білдіретін тітіркендіргіштер күрделі болып келеді. Олар тек 
жалғыз сигнал ғана емес, белгілі бір сипаттағы жағдайды да білдіреді. 
Бұл əрқашан афференттік синтезді өте қиындатады. Мысалы, жекпе-
жектің жəне спорттық ойындардың əртүрлерінде жаңа əрекетті 
бірнеше рет бастау керек. Сан алуан дене жаттығуларын орындау 
кезінде кері байланыс көмегімен ішкі жəне сыртқы ортадан алынған 
ақпараттардың өзіне тəн ерекшеліктері болады. Қозғалыс əрекетін 
баяу орындау кезінде кері байланыстар сол қозғалыстың немесе 
қандай да бір оның фазасын түзетуге мүмкіндік береді. Тез орын-
далатын күрделі көп фазалы қозғалыстар (мысалы, гимнастикалық 
жаттығулар) кезінде кері байланыс уақыт тапшылығына байланыс-
ты ағымдағы түзетуде көп рөл атқармайды. Өте қысқа уақыттық 
қозғалыстарда (соның ішінде лақтыру, тастау сияқты баллистикалық 
қозғалыстарда) кері байланыс арқылы тек оны қайталау кезінде ғана 
қозғалыс актісінің түзетілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет