Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері



Pdf көрінісі
бет64/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   258
Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері
Балада үйретудің ерте кезеңдерінде қалыптасатын ерікті 
қозғалыстардың барлығы шартты рефлекстік қызметтің жал-
пы заңдылықтарына бағынады. Жасқа сай даму мен сананың 
қалыптасуы барысында бұл заңдылықтар жаңа сапалы мазмұнға ие 
болады. Қозғалысты саналы ерікті бақылай білу үйретудің табысты 
болуының басты қағидасы болып табылады. 


129
Қимыл дағдысының сезгіш (сенсорлық) жəне орындаушы 
(оперантты) бөлімдері. Жаттықтырылу дəрежесінің физиологиялық 
механизмі шартты рефлекстік жолдар арқылы пайда болған бай-
ланыс болып табылады. Шартты рефлекстің физиологиялық негізі 
уақытша байланыстың тұйықталу қасиеті болып табылады. Шарт-
ты рефлекстің пайда болуының негізі – ми қыртысындағы жүйке 
орталықтарының арасындағы уақытша жүйкелік байланыс дегені-
міз – шартты жəне шартсыз тітіркендірулерді ұштастырғанда пай-
да болатын, əртүрлі ми құрылымдары арасындағы белгілі қарым-
қатынасын 
қалыптастыратын 
мидың 
нейрофизиологиялық, 
биохимиялық жəне құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. Ерікті 
қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И. М. Сеченов ашып 
көрсеткен болатын. Кейін И. П. Павлов шəкірттерімен шартты 
рефлекстік байланыс механизмдері бойынша қозғалыс əрекеттерінің 
жаңа түрлерінің түзілуінің негізгі заңдылықтарын ұсынған. 
Ғалымның пікіріне сүйенсек, уақытша жүйкелік байланыс ми 
қыртысының шартты жəне шартсыз тітіркендірілуін қабылдайтын 
орталықтарының арасында «соқпақ» жолдар пайда болуы салдары-
нан қалыптасады.
Сезгіш шартты рефлекстерде афферентті сигналдарға жауап 
беру (мысалы, сілекей бөліну, тітіркендіргіштер əсер етуінен қолды 
тартып алу) шартсыз рефлекстік немесе ертерек жүре пайда болған 
шартты реакция болып табылады. Олардағы жауап организмдегі 
бұрынғы болған реакция ретінде қолданылса, тек сигнал, яғни 
сезгіш бөлім жаңа шартты рефлексті қасиетке ие. 
Бірақ қимыл дағдылары туралы сөз болғанда оперантты неме-
се мануалды, уақытша байланыстың түзілуі қатар айтылады. Бұл 
байланыстар қозғалыстың жаңа түрімен немесе сол организмде 
осы уақытқа дейін болмаған жаңа күрделі қозғалыс актісінің белгілі 
элементтерінен комбинация түзілуімен сипатталады. Демек, бұл 
жағдайда уақытша байланыстар тек афферентті (сезгіш) ғана емес, 
сонымен қатар эфферентті, яғни қозғалыс реакцияларының орында-
ушы буындарына да қатысты.
Адамның қимыл дағдылары оларда уақытша байланыстың екі 
түрінің де бір мезгілде сəйкес келуімен сипатталады. Бір жағынан, 
бірінші жəне екінші сигналдық жүйелер арқылы спортшы үшін 
талғаусыз (индифферентті) тітіркендіргіш пен келесі əрекет (уақытша 
байланыстың сезгіш бөлімдері) арасында байланыс қалыптасса, 
екінші жағынан, тек қозғалыс ғана емес вегетативтік қызмет сипаты-


130
на да сəйкес жаңа жауап қимыл реакциялары (уақытша байланыстың 
оперантты бөлімдері) пайда болады.
Адамда спорттық жəне т.б. қимыл дағдыларының түзілуі бары-
сында тек бірінші ғана емес, екінші сигналдық жүйенің де əсер етуі 
арқылы қалыптасатын жоғары қатардағы уақытша байланыстың 
маңызы өте зор. 
Қимыл дағдысының қалыптасуы əсіресе циклдік ұзақ жаттығулар 
кезінде қозғалыстың вегетативтік мүшелер қызметімен неғұрлым 
тиімді қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беретін уақытша байланыстың 
түзілуіне əкеледі (жаттығулардың жіктелуі 3-тарауда толық баянда-
лады).
Қимыл дағдысының моторлық жəне вегетативтік бөлімдерінің 
бір мезгілде қалыптаспауының өзіндік маңызы бар. Салыстырмалы 
қарапайым қозғалыс дағдыларында (мысалы, жүгіруде, шаңғы тебу-
де) моторлық (қимыл) бөлімдері, ал күрделі қозғалысты дағдыларда 
(мысалы, гимнастикада, күресте, спорт ойындарында) вегетативтік 
бөлім ертерек қалыптасады. 
М. Е. Маршак пікіріне сүйенсек, дағдының қалыптасуынан кейін 
вегетативті бөлімдер қимыл бөлімдеріне қарағанда неғұрлым инертті 
болып келеді. Мысалы, үйреншікті əрекет түрінің өзгерісі кезінде
яғни үздіксіз жұмыстан үзілісті қарқынды жұмысқа ауысса қимыл 
қызметтері жылдам, кейбір жағдайларда сол сəтте-ақ өзгереді, ал 
вегетативті мүшелер ұзақ уақыт бұрын қалыптасқан қозғалыс сипа-
тына сəйкес қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет