Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет107/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

жүктемелер кезінде жүректің минуттық қан көлемі жақсы 
жаттыққан спортшыларда орта есеппен жаттықпаған адамдардағы 
сияқты болады. Тек біраз зерттеушілер ғана оның өте кішкене 
төмендеуін жоғары жаттықтыру күйіндегі («спорттық формадағы») 
спортшыларда байқаған.
Спортшыларда жүректің жиырылу жиілігі жаттықпаған 
адамдардағы сияқты жүктеменің немесе оттегі пайдалану 
жылдамдығының артуымен сызықтық түрде жоғарылайды. Бірдей 
абсолютті (оттегі пайдалану жылдамдығы бірдей) жүктеме кезінде 
спортшыларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда 
ЖЖЖ төмен, ал сəйкесінше, систолалық көлем жоғары болады. 
Неғұрлым спортшының жаттықтырылу дəрежесі мен оның аэробтық 
мүмкіндіктері (ОМП) жоғары болған сайын кез келген максималды 
емес аэробтық жүктемені орындау кезінде ЖЖЖ соғұрлым төмен 
болады.
Кез келген максималды емес аэробтық жүктемені орындау кезін-
де ЖЖЖ төмендеуі төзімділікке жаттықтырумен байланысты жүрек 
қызметінің ең тұрақты жəне ең айқындалған функциялық өзгерістері 
болып табылады. Салыстырмалы үлкен систолалық көлем кезінде 
салыстырмалы төмен ЖЖЖ жүректің тиімді жұмысын көрсетеді. 
Жаттыққан адамдардағы тыныштық күйдегі брадикардия негізінен 
парасимпатикалық (вагус-кезеген) тежелудің күшеюінің нəтижесі 
болып табылса, ал салыстырмалы жұмыс брадикардиясы жүрекке 
симпатикалық қоздырғыш ықпалдың азаюымен байланысты болуы 
ықтимал.
Аэробтық мүмкіндіктері əртүрлі деңгейдегі спортшылар 
мен жаттықпаған адамдар арасындағы үлкен айырмашылықтар 


204
тек бірдей абсолютті жүктемелер, яғни л/мин. айқындалатын 
бірдей оттегі пайдалану жылдамдығы кезінде ЖЖЖ (екп/мин) 
абсолютті көрсеткіштерін салыстырғанда ғана айқындалады. 
Бұл айырмашылықтар салыстырмалы аэробтық жүктемелерге 
тең, яғни жеке-дара «оттектік төбеден» (ОМП %) пайызбен 
айқындалатын бірдей салыстырмалы оттегі пайдалану жылдамдығы 
кезіндегі ЖЖЖ салыстырғанда күшті азаяды. Бұл жағдайды егер 
бұлшық ет жұмысы кезіндегі нейроэндокриндік, соның ішінде 
симпатикалық-адреналдық ықпал қарқындылығының ОМП % бо-
йынша анықталатын оттегі тасымалдау жүйесіне абсолюттік емес
салыстырмалы жұмыс жүктемесіне пропорциялы екендігін ескерсе 
түсінуге болады. 
Жаттықтырылу деңгейі əртүрлі адамдарда жүктемеге пульстік 
реакция айырмашылығы, егер тек жүктеме ғана емес, сонымен бірге 
ЖЖЖ салыстырмалы мөлшерде айқындалса толығымен жоғалады. 
Басқаша айтқанда, жаттықтырылу дəрежесі əртүрлі (ОМП əр түрлі) 
адамдарда бірдей салыстырмалы аэробтық (ОМП % бірдей) жүктеме 
кезінде салыстырмалы жұмыстық пульстік реакциясы (максималды 
ЖЖЖ %-ы) орта есеппен бірдей болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет