224
– əр жаттығулар топтарын қайталау саны бастапқы кезде 10 рет-
тен басталып, екі ай соңына қарай 50-80-ге жетуі ықтимал;
– иілгіштікті арттыруға арналған жаттығулар күніне екі реттен
қайталанатын болса, онда орындау санын азайтуға болады, бірақ
жоғарыда көрсеткен саннан кем болмауы қажет;
– иілгіштікке арналған жаттығуларды үй жағдайында,
таңертеңгілік немесе кешкілік уақытта да орындауға болады.
Иілгіштікті арттыруға жаттығу жұмыстарының дайындық
кезеңінде көп көңіл бөлінеді. Қажетті иілгіштік мөлшеріне жет-
кеннен соң жаттығу көлемін артырудың қажеттігі жоқ. Иілгіштікті
сақтау мақсатында аптасына 2-3 рет қайталау жұмыстары жүргізіліп
отырады. Жаттығу жұмыстарын қайталамаса иілгіштік қабілет
төмендейді. Жоғарыдағы иілгіштікті арттырудағы қолданылатын
жалпы жəне арнайы əдістемелер Д. Оңғарбаева, Г. Мадиева,
Е. Алимханов (2013) еңбегінде толығымен баяндалған.
Достарыңызбен бөлісу: