Жылуға бейімделу кезіндегі физиологиялық өзгерістер жəне
олардың механизмдері. Жылуға бейімделу арнайы физиологиялық
өзгерістердің жиынтығына негізделген. Олардың негізгілері жоғары
температура жағдайында болуы барысында жүктеме кезінде тер
бөлінудің күшеюі, дене «ядросы» мен «қабығы» температурасының
түсуі жəне жүректің жиырылу жиілігі төмендеуі болып табылады.
Жылуға бейімделудің негізгі механизмдері сыртқы ортаға де-
немен жылудың шығарылуының күшеюіне бағытталған. Жылуға
бейімделу барысында тер бөлінудің күшеюі жүреді: бірдей сол
дене жүктемесін орындау кезінде қызмет ететін тер бездерінің
саны, сонымен қатар бөлінетін тер мөлшері артады. Тер бөлінудің
температуралық табалдырығы төмендейді – ол неғұрлым дене ядро-
сы мен терінің төмен температурасы кезінде басталады жəне дене
температурасының жоғарылауымен тез күшейеді.
Ыстыққа бейімделген адамда бейімделмеген адамдарға
қарағанда азырақ тер буланбай тамшылап ағады, себебі тер
неғұрлым дене беткейімен бірқалыпты таратылады. Нəтижесінде
тер булану мен жылу шығарудың күшеюі үшін дене беткейі алаңы
артады. Тер буланудың күшеюі тері температурасының төмендеуіне
əкеледі. Осының арқасында тері тамырларымен ағатын қан күштірек
салқындайды жəне сондықтан «дене ядросы-тері» температуралық
градиенттері өседі. Осылайша дененің терең бөлімдерінен оның
беткейіне жылудың физикалық тасымалдануы (өтуі) күшейеді. Тері
қан айналымының қосымша күшеюіне сұраныс (айналыс конвекция-
сы) сəйкесінше төмендейді.
Жылу шығарудың адаптивті механизмдері күшеюінің басты
əсері дене температурасының төмендеуі болып табылады. Мұнда
тыныштық күйде дене температурасының төмендеуі сияқты бұлшық
ет жұмысы үдерісінде өседі.
Жылуға акклиматизация нəтижесінде тердегі тұздар мөлшері
азаяды, яғни тер неғұрлым «сұйытылған» болады. Тер арқылы
тұзға қарағанда салыстырмалы көп су жоғалады жəне сондықтан
қандағы электролиттер концентрациясы жоғарылайды. Сəйкесінше
қан осмолярлығы артады. Жоғары осмолярлық организмдегі
сұйықтықты жоғалтуды өтеуге бағытталған механизм болып табы-
латын шөлдеудің күшті сезінуін тудырады. Бейімделмеген адамдар-
да барлық жағдайларда организмнің суға сұранысын қамтамасыз
ететін шөлдеуді сезінуі жеткілікті болмайды. Ыстыққа бейімделген
адам су балансын жақсы сақтауға қабілетті келеді.
296
Жылуға бейімделу үдерісінде белок молекуларын тері капил-
лярларына шығуын азайтатын осы тамырлардың өткізгіштігі
төмендейді. Терінің ұлпалық сұйықтығында белок мөлшері ар-
тады. Жылылық əсер кезінде ол терінің лимфа торлары арқылы
қан айналымдағы қанға қарқынды орын ауыстырады. Мұның
барлығы бірге оның жоғары онкотикалық қысымын жəне жеткілікті
көлемін сақтауға мүмкіндік береді. Тұтасымен жылуға бейімделу
нəтижесінде (тыныштық күйде) қан айналымдағы қан көлемі ар-
тады, ал қан тұтқырлығы мен гематокрит көрсеткішінің біршама
төмендеу тенденциясы байқалады.
Жылуға бейімделу жүрек-тамыр жүйесіне күш түсудің
төмендеуімен қатар жүреді. Тіпті, ыстыққа толық бейімделген
адам организмінің бейтарап жағдайға қарағанда ыстық жағдайда
жұмыс кезінде тері қан айналысы көбірек болса да, жүктеме кезінде
біртіндеп тері қан айналысы азая түседі. Сонымен бірге неғұрлым
тері тамырлары жүйесіне қанның тез орын ауыстыруынан, беткейлік
қан айналысының жақындауынан (беткей тамырлары торының жа-
зылуы есебінен) тері қан айналысының тиімді күшеюі жəне оның
неғұрлым тиімді таратылу мүмкіндіктері өседі.
Жылуға бейімделу барысында ыстық жағдайларда жұмыс кезін-
де құрсақ қуысы мүшелерінің қанмен жабдықталуын жақсартатын
жатыр жəне бүйрек бөлімдерінде жұмыс вазоконстрикциясы
(тамырлардың тарылуы) дəрежесі төмендейді.
Жылуға
бейімделудің
барынша
елеулі
физиологиялық
белгілерінің біріне тыныштық күйде жəне бұлшық ет əрекеті кезінде
ЖЖЖ төмендеуі жатады. Біртіндеп систолалық көлем артады,
сондықтан ыстық жағдайда болудың барлық кезеңдері барысын-
да жүректің минуттық қан көлемі өзгермейді. Жылуға бейімделу
үдерісінде систолалық көлемнің өсуі қан айналымдағы қан көлемінің
жоғарылауы жəне əсіресе, тері қан айналысының біртіндеп азаюы
есебінен оның неғұрлым тиімді қайта таратылуы арқасында жүретін
веналық қан қайтарылудың (қанның орталық көлемінің) артуына
негізделген.
Жылуға бейімделу барысында ыстық жағдайда дене жұмысын
орындаудың механикалық тиімділігі жоғарылайды. Оны стандартты
(жеңіл) жұмысты орындау кезінде оттегі пайдаланудың прогрессивті
төмендеуі көрсетеді.
297
Жылуға бейімделу үдерісінде симпатикалық жүйке жүйесінің
тонустық белсенділігі төмендейді. Оны атап айтқанда, зəрмен
норадреналиннің бөліну мөлшерінің ілгеріле азаюынан көруге бо-
лады. Жылылық акклиматизация үдерісінде маңызды рөлді ішкі се-
креция бездері атқарады. Мысалы, Д-альдостеронды енгізу ыстық
жағдайларда, тіпті, бұл осы ортаға бейімделген адамдардың өзінде
дене температурасының төмендеуін жəне жұмыс ұзақтығының ар-
туын тудыратыны белгілі. Бұл əсер тер мөлшерімен байланысты
емес.
Жылылық акклиматизациямен байланысты көпшілік өзгерістер
ыстық жағдайда болудың əсіресе, алғашқы 4-7 күндері барысын-
да тез жүреді. Жылылық акклиматизация үдерісі толығымен 12-
14 күндері аяқталады. Дегенмен, жоғары ауа температурасы мен
ылғалдылығына максималды бейімделу тек осы жағдайлардағы
аймақтың тұрақты тұрғындарында ғана байқалады.
Жылуға бейімделу ыстық жағдайда тек үзіліссіз бірнеше тəулік
бойы мекендеп тұрғанда ғана емес, сонымен бірге онда қайталап
қысқа мерзімдік (тəулігіне бірнеше сағат) болу (термокамерада, жы-
лытатын немесе жылуды оқшаулайтын қасиеті бар арнайы киімдер
киген) кезінде де дамиды. Егер ыстық жағдайда болғанда адам дене
жүктемесін орындамаса, жылуға бейімделу дəрежесі көп болмайды.
Жылуға бейімделу əсері арнайы болады. Құрғақ ыстық жағдайға
организмнің бейімделуі ыстық жəне ылғалды жағдайларға жеткілікті
бейімделуіне міндетті түрде кепілдік бермейді. Осымен қатар ыстық
жағдайларда жеңіл (ОМП 25%-ға жуық) жұмыстарға бейімделу осы
жағдайларда бірқалыпты (ОМП 50%) немесе ауыр (ОМП 75% жəне
жоғары) жұмыстарды орындауға бейімделуді білдірмейді.
Жылуға бейімделу əсері адам жоғары температура жағдайында
болғаннан кейін бірнеше апта барысында сақталады.
Ортаның жоғары температурасына үйрену жас өсе нашарлайды.
Егде жастағы жəне кəрі адамдарда жастарға қарағанда неғұрлым
дененің жоғары температурасы кезінде тер бөліну кешірек бастала-
ды. Жылылық жүктемесіне жауап ретінде егде жастағы адамдарда
тері қан айналысы айтарлықтай артады, бірақ жастарға қарағанда,
мұндай күшеюдің максималды мүмкіндіктері оларда азырақ болады.
Ыстық жағдайларда болғаннан кейін егде жастағы жəне кəрі адам-
дарда дене температурасы қалыпқа неғұрлым баяу оралады.
298
Достарыңызбен бөлісу: |