Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ыстық жағдайларда жаттықтыру үдерісінде суды жəне



Pdf көрінісі
бет151/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   258
Ыстық жағдайларда жаттықтыру үдерісінде суды жəне 
тұздарды жоғалту. Спортшы əсіресе, ыстық жағдайларда күнделікті 
жаттықтыру уағында денеден термен бірге тұздар да кететін судың 
көп мөлшерін жоғалтады. Мəселен, марафоншы ыстық ауа райында 
қарқынды жаттықтырудың бір күнінде 9 л-ге дейін су жоғалтады. 
Организмде бұл жоғалтылған су мөлшері толтырылмаса, су жəне 
тұз балансының елеулі бұзылулары мен жұмысқа қабілеттіліктің 
төмендеуі мүмкін. Сəйкесінше, ыстық жағдайларда жаттықтыру 
күндері спортшы сабақ уағындағы сияқты, əсіресе, сабаққа дейін 
жəне одан кейін де ең алдымен, жоғалған су мөлшерін толты-
ру үшін сұйықтықтың көп мөлшерін пайдалану керек. Ыстық 
жағдайларда əсіресе, акклиматизацияланбаған адамдарда дене де-
гидратациясы дəрежесіне қарағанда шөлдеуді субъективті сезіну 
əлсіздеу болады. Сондықтан жаттықтырудың алғашқы күндері 
ішілген сұйықтың көлемі шөлдеу сезімімен анықталған мөлшерден 
көбірек болу керек. Организмнің суға қажеттілігін бақылау ретінде 
жаттықтыруға дейін жəне одан кейін спортшының салмағын өлшеу 
жолымен жоғалтылған су мөлшерін анықтауға болады. Тіпті, кейде 
сұйықтықты мөлшерден көп пайдаланудың өзі организмнен артық су 
мөлшері бүйректер арқылы тез шығарылатындықтан спортшының 
жұмысқа қабілеттілігіне жағымсыз ықпал ете қоймайды. Сонымен 
қатар суды мөлшерден тыс артық пайдалану қан мен дененің басқа 
сұйықтықтарының осмолярлығының төмендеуіне əкелетіндігі де на-
зардан тыс қалмау керек, ал ол өз кезегінде бұлшық ет дірілдеуіне 
немесе тырысуына дейін кейбір жағымсыз құбылыстарға əкелуі 
мүмкін. Сондықтан жаттықтыру арасында суды аз мөлшерде, бірақ 
жиі-жиі ішу керек. 
Алайда, жұмыс үдерісінде денеде электролиттердің (Nа, Сl 
жəне К) кідіруіне бағытталған механизмдердің іске қосылуына 
қарамастан ыстық жағдайларда орындалған күн сайын жəне 
ұзақ уақыттық жаттықтыру нəтижесінде тұздардың айтарлықтай 
мөлшері жоғалуы мүмкін. Егер тəулігіне тер жоғалту орта есеппен, 
3 литрді құраса, онда организмде жоғалтылған тұздар мөлшерін 
толтыру толығымен кəдімгі ас рационымен қамтамасыз етіледі. 
Мұнда спортшы тұздардың кейбір қосымша мөлшерін құрамында 
өте көп емес (1 л ерітіндіге 200 мг Nа жəне 200 мг К жуық ) негізгі 
минералдық заттар ғана болатын немесе олар мүлдем болмайтын 
«өтеуші» (мысалы, минералдық суды) сұйықтықтарды ішу арқылы 


304
алады. Тек неғұрлым айтарлықтай тəуліктік терді жоғалту кезінде 
тəулігіне 4 л терге – 3-4 г тұз, 5 л терге – 10 г жуық тұз, 6 л терге 
– 15 г жуық тұз есебінде тұздарды арнайы қабылдау қажеттілігі ту-
ындайды. Мұнда тұз таблеткалары міндетті түрде «алмастырғыш» 
сұйықтықтар мөлшерімен барабар қолданылу керек. 
Ыстық жағдайларда көп күндік қарқынды жаттықтырудан кейін 
денеде калий иондарының тапшылығы байқалуы мүмкін. Мұндай 
тапшылықтың салдарынан қаңқа бұлшық еттері мен жүректің 
жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі, тер өнімінің азаюы, зəрмен 
су жəне натрий мөлшерін жоғалтудың артуы, сонымен қатар 
дене жүктемесінен кейін бұлшық еттерде гликоген ресинтезінің 
бұзылуы мүмкін. Сондықтан ыстық жағдайда жүргізілген қарқынды 
жаттықтыру кезінде ас рационында калийдің жеткілікті мөлшері 
(тəулігіне 80 мэкв дейін) болуы қажет. Сонымен қатар жеңіл 
еритін жəне асқазанда тез абсорбцияланатын калий препараттарын 
қабылдау қауіпті. Себебі əсіресе, жүрек үшін токсинді болып келетін 
гиперкалемияның күшеюі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет